5.3.3.2 роботты көрсетілген градусқа бұру үшін бағдарламалар жасау.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
роботты шаршы бойымен қозғалту программасын анықтайды.
Көптеген оқушылар:
роботты шаршы бойымен қозғалту үшін қолданылатын алгоритм командаларын салыстырады.
Кейбір оқушылар:
роботты шаршы бойымен қозғалту алгоритмдерін дұрыс орындаудың маңыздылығын сипаттайды.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі:Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Олар бір-бірінен несімен ерекшеленеді?
Геометриялық фигураларды жайлы біліміңді күнделікті өмірде қолданасыңдар ма? Мысал келтіріңдер.
Геометриялық фигуралардың қасиеттерін робот қозғалысында қалай қолдануға болады деп ойлайсыңдар?
Гироскопиялық датчиктің маңызы жайлы не білдің?
Роботтар қозғалысына гироскопиялық датчиктердің қандай ықпалы бар?
Гироскопиялық датчиктің басқа датчиктерден қандай ерекшелігі бар?