Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.  Тиімділігі



бет2/36
Дата25.01.2023
өлшемі1,14 Mb.
#166340
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
5 сынып 3 токсан

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. 
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. 

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен  ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.

Оқулықпен жұмыс. Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Кестемен жұмыс. 




Өндірістік робот

Медицина-лық робот

Тұрмыс-тық роботтар

Әскери роботтар

Робот- мұғалім

















Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

  • робот ұғымын анықтайды;

  • робот түрлерін анықтайды;

робот түрлерін салыстырады.




Жұптық жұмыс
Өздерің күнделікті өмірде, теледидардан немесе интернетте көріп жүрген роботтарыңның тізімін жасаңдар. Оларды жоғарыдағы түрлердің қайсысына жатқызасыңдар? Егер сендер білетін роботтар жоғарыдағы түрлердің ешқайсысына жатпаса, онда оны роботтардың жаңа түріне жатқызып, оған атау беріңдер. 

Берілген тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет