Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ)«Пицца» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау.
Оқушылар пиццаның бөліктеріндегі қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы пиццаны құрастырады.
|
1. Сүйектер бір-бірімен не арқылы байланысады?
2. Құрылысы бойынша сүйектің түрін ата.
3.Түтік тәрізді сүйектерге жататындар.
4.Жалпақ сүйектерге жататындар.
5. Қаңқа бөлімін атаңыз.
6. Бас сүйекте қанша бөлім бар.
Жауабы:
1.Сүйектер бір-бірімен буын және шеміршек арқылы байланысады.
2.Құрылысы бойынша сүйектің түрі: түтік тәрізді және жалпақ.
3.Түтік тәрізді сүйектерге жататындар: тоқпан,сан,білек,саусақ сүйектері
4.Жалпақ сүйектерге жататын: жауырын,бас сүйек,төс,жамбас сүйектері.
5.Қаңқа бөлімдері:бас сүйек,дене (омыртқа жотасы және кеуде қуысы) және қол-аяқ сүйектері.
6. Бас сүйекте қанша бөлім бар: Екі бөлім.Ми және Бет бөлімі.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|