Радиоактивті заттардың биосферада таралу жолдары: Ядролық сынақтардан кейінгі радионуклидтердің таралу жолдары әртурлі және өте күрделі. Бірақ атмосферада көтерілген радиоактивті заттар біртіндеп әртүрлі процестердің себептерімен жер, су, шөп, топырақ бетіне шөгетіні белгілі. Ал, адам ағзасына түсу жолы, ас жүру жолы, топырақ-өсімдік, жануарлар /малдар/-мал өнімдері /ет, сүт, тер, жүн/, адам.
Радиоактивті заттардың адам ағзасына түсуінің екінші жолы тыныс мүшесі - ішек-қарын немесе тері арқылы болуы мүмкін. Бірақ бұл жолдардың ағзада жиналатын радионуклидтерге үлесі әртүрлі. Мәселен, сынақтан кейін радиоактивтік бұлт өткен жерлерде мал жайылса, онда ағзаға түскен радиоактивті заттар /салыстырмалы бірлік бойынша/ ас қорыту/ жолында - 1000, тыныс мүшелерінде -1, теріде -0,001 есе болып бөлінеді. Демек, бастапқы кезде радиоактивті заттар шөге бастағанда мал ағзасына, ас қорыту жолына аз түсу қамын ойлау керек.
Радиоактивті ыдыраудың бастапқы кезінде аса қауіптісі - иодтың изотоптары, өйткені олар мөлшері жағынан көп бөлініп, биологиялық активтілігі жоғары, 8-10 күннен кейін радионуклидтер ішіндегі қауіптілері стронций-90, цезий-137, бұлар биологиялық тізбекке қосылып, /топырақ-өсімдік-жануар-адам/ адам ағзасына келіп тоқтайды,
Достарыңызбен бөлісу: |