Жартылай өткізгішті лазер - өте кішкентай (мм-дің бірнеше үлесіндей) жасалады, өлшемдері 1х2х2 мм, онда айна ролін мұқият жонылып тегістелген жартылай өткізгіштің қырлары атқарады. Одан оған түскен жарықтың 30 – 50% ғана шағылысады.
Бұлардан басқа кристаллдағы, шыныдағы, газды, жартылай өткізгішті лазер, арнаулы сұйықтықтағы лазер дегендер қолданылады.
Лазер шығаратын жарық тер бір түстен ғана тұрады. Оны монохромат сәулелену деп атайды.
Лазер сәулесінің қасиеттері мынандай:
Монохроматты – яғни жиілігі тұрақты жарық толқындары.
Лазер жарығының когеренттілігі – когерент толқындар дегеніміз – толқын ұзындықтары бірдей және фазалар айырмашылығы уақытқа байланысты өзгермейтін толқындар.
Жарық поляризацияланған.
Лазерден шыққан жарық жан – жаққа шашырамай – тек бағыттала таралады. Жарық шығып жатқан жерді конус деп қарастырсақ, онда осы конустың басындағы бұрыш 2,00 денеден лазер үшін 250, ал газды лазерде 2-30 аспайды. Жарықтың мұндай бағытталып таралуы оның алысқа жетуіне жәрдем етеді.
Лазер сәулесінің қуаты ( мысалы шыныға неодим енгізсек)
2,5 – 10 13 Вт.
Электр өрісінің кернеулігінің өте көптігі, интенсивтілігі 10 19 Вт / м2 болатын лазер сәулесінің электр өрісінің кернеулігі.
Е = 0,3 х1012 В/м
Лазер сәулесінің қысымы өте көп – 1012 Па, ал атмосфералық қысымның шамасы 105 Па, яғни одан 107 есе, он миллион есе көп.
Мұндай қысыммен кез – келген қатты денені оп – оңай өндеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |