&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


әрі қор еңбекпен, нәжіс жинаумен немесе қоқыс сұрыптаумен күн



Pdf көрінісі
бет149/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

әрі қор еңбекпен, нәжіс жинаумен немесе қоқыс сұрыптаумен күн
көрді. Тіпті төменгі каста мүшелері аласталғандарға жанасудан бой
үзе қашып, бірге тамақ ішпек түгілі саусақ тигізуден жиренді, олармен
некелесу жөнінде сөз қозғамай-ақ қоялық. Қазіргі Үндістандағы
демократиялық үкімет мүндай дискриминациямен күресіп, үнділерге
касталардың араласуы ешкімді арамдай алмайтынын қаншама
түсіндіруге тырысқанымен, жұмысқа орналасу мен некеге тұру жайы
әлі де елеулі дәрежеде касталық тегіне тәуелді күйінде қалып отыр3.
Америкалық тазалық
Шамамен тап осындай шырғалаң шеңбер қазіргі Америкадағы нә-
сілдік иерархияны ұстап тұр. X VI—XVIII ғасырларда ақнәсілділер екі
Америкаға кеніштерден шикізат өндіртіп, плантацияларды баптау үшін
Африкадан миллиондаған құл алып келді. Олардың құлдарды Еуропа
мен Азиядан емес, Африкадан тасуды қолай көруі - кездейсоқ қалып-
тасқан үш фактордың нәтижесі. Біріншіден, Африка Америкаға жақын,
демек, Вьетнамға қарағанда Сенегалдан тірі тауарды жеткізу арзанға
түседі.
Екіншіден, Африкада құл сатудың дамыған нарығы қызмет істеп
тұрды (осы жақтан құлдарды, негізінен, Таяу Шығысқа экспорттады),
ал Еуропада бұл кезде құлдық тек экзотика болып қалды. Әлбетте,
тақыржерде кұлдарды өсіріп-баққанша, қалыптасқан нарықтан құл са-
тып алған әлдеқайда оңай ғой.
Үшінші фактор мейлінше маңызды: Виргиниядағы, Бразилиядағы
жене Гаити аралдарындағы плантацияларда арғы тегі африкалық ау-
рулар - безгек пен сары безгек құтырынып тұрды. Африкалықтар бір-
неше ұрпақ буыны өткенде, бүл кеселдерге қарсы ішінара иммунитет
қалыптастырып қалды, ал еуропалықтар олардың алдында қорғансыз
еді, қынадай қырыла берді. Сонымен плантатордың көзқарасы тұрғы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет