жойылғаннан кейін де узақ жылдар бойы өз ықпалын сақтап қалды. XIX ғасыр басында Британ империясының аумағында қулдыққа тыйым салынды. Ағылшындар трансатланттық «қара тауар» саудасының жо- лын кесіп отырды, тыйым біртіндеп қос Америкаға тарала берді. Атап өтетін жайт, тарихта туңғыш рет қулиеленуші қоғамның өзі ерікті түрде қулдықты алып тастады. Бірақ қулдарға азаттық бергеннен кейін де нәсілшілдік мифтер санадан сейілмей, нәсілшіл заңдар мен нәсілдік бөлінуді жақтайтын әлеуметтік салт та сақталып қалды. Міне, тұйыққа тірейтін себеп-салдарлы тізбек, шырғалаң шеңбер осылай лайда болады. Азамат соғысынан кейінгі Оңтүстік штаттарда- ғы ахуалды мысалға алайық. 1865 жылы АҚШ конституциясына енгі- зілген он үшінші түзету қулдықтың заңға қайшы екенін жариялады, ал он төртінші түзету адамға нәсіліне бола азаматтық беруден және заң алдында тең құқықты екенін мойындаудан бас тартуға болмайтынын нақты көрсетті. Алайда екі ғасыр қул болған қаранәсілділер көпе-көрі- неу нашар жағдайда өмір сүрді, кедейлердің көбі ішер ас, киер киімге жарымады, сауатсыз болды. 1865 жылы Алабамада туған қаранәсіл- дінің басы бостан бола тура, өзінің ақ терілі көршісімен салыстырған- да, жөпшеңді білім алып, жақсы жумысқа туруға мүмкіндігі тапшы еді. Жарық дүниеге 1880-1890 жылдары келген келесі ұрпак арадағы әлсіз үзікті жалғап, жыртықты жамауға мәжбүр болды - өйткені бул балалар да сауатсыз, өрі кедей отбасынан шықты ғой. Мәселе экономикалық теңсіздікпен шектеліп қалмады. Алабамада ақнәсілділер жоқ-жітік жағдайда өмір сүрді, олар нәсілі жағынан жама- ғайын байларға буйырған артықшылықтардан қуралақан қалды. Оның үстіне индустриялық революция мен қарқынды эмиграция Америка қоғамының әлеуметтік әбжілдігін күшейте түсті де, турмысы тұралап,