дамыту мүмкіндігі адамдардың бәріне бірдей бұйырмаған - олардың
қияли әлеуметтіктәртіптегіхал-ахуалына байланысты. Жақсы мысал -
Гарри Поттер. Ата-анасын - тамаша сиқыршыларды жоғалтқан, надан
көзбайлаушылар тәрбиелеген бала, сиқыр жасаудан еш тәжірибесі
жоқ күйінде Хогвартсқа келеді. Өз қабілетін бағамдап, әлеует қарымын
ашу үшін оған жеті кітап керек болады.
Екіншіден, әртүрлі таптың өкілдері бірдей қабілеттілік көрсеткен-
нің өзінде де олардың бәріне бірдей табысқа жетуге кепілдік жоқ. Өйт-
кені олар эр алуан ереже бойынша ойнайды. Мәселен, Британ иелігі
кезіндегі Үндістанда чамара (былғарышы), брахман, католик-ирландық
және ағылшын шіркеуінің мүшесі бой көрсетіп, бизнеске кірісті делік.
Төртеуінің де бұл іске қабілет-бейімі бірдей, бірақ олардың байып кету
мүмкіндігі бір-бірімен салыстыруға келмес еді. Экономикалық ойын тек
құқық ережелерімен ғана емес, сондай-ақ көзге көрінбейтін «әйнек бө-
гесіндермен» де реттеледі.
Шырғалаң шеңбер
Барлық қоғам қиялдағы иерархияға арқа сүйейді. Бірақ көбінесе
әркімнің өз иерархиясы болады. Мұндай айырмашылық қайдан кел-
ген? Неге дәстүрлі үнді қоғамы адамдарды - кастаға, Осман империя-
сы - діні бойынша, XIX ғасырдағы Америка нәсілі бойынша бөледі?
Көп ретте иерархияның пайда болуына кездейсоқ тарихи факторлар
түрткі салады, содан соң әлдебір иерархия нығайып, мәңгілікке орны-
ғады да, үрпақтан-үрпаққа ұласады, ал оны адамдардың белгілі бір
тобы өз мүдделеріне орай түзетіп, толықтырып отырады.
Мысалы, ғалымдар үндінің касталық жүйесі осыдан 3000 жыл бұ-
рын арийлар Үндістан түбегіне баса-көктей кіріп, жергілікті тұрғындар-
ды бағындырған кезде қалыптасты деп пайымдайды. Басқыншылар
таптық иерархияны орнатты. Өздеріне, әрине, абыздар мен жауынгер-
Достарыңызбен бөлісу: |