&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


АГРАРЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ



Pdf көрінісі
бет144/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

124


АГРАРЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ
оқитын мектепте білім алуына, солар жататын ауруханада емделуі-
не тыйым салатын заңдар бізді шошытады. Сейте тура, байлар мен
кедейлер иерархиясы әлі күнге бар және де байлар оқшауланған сал-
танатты махаллаларда тұрады, олардың балалары беделді жабық
мектептерде оқиды, олар ең төуір, жан-жақты жабдықталған ауруха-
наларда емделеді - осының бәрі америкалықтар мен еуропалықтар-
дың көпшілігіне өте орынды көрінеді. Оның үстіне бай адамдардың
көпшілігі, бар болғаны байлықты мураға алған, кедейлердің көпшілігі
жарымаған отбасында дүниеге келгендіктен жоқшылыққа үшырағаны
баяғыда дәлелденген.
Өкініштісі, күрделі құрылымдалған адамзат қоғамында қиялдағы
иерархия мен еділетсіз кемсітушілікті айналып өте салмайтын сияқ-
тымыз. Әрине, моральдық көзқарас тұрғысынан иерархияның бәрі бір-
дей емес: кейбір қоғамда тым сорақы дискриминация көзге ұрса, басқа
біреулерінде ондай шектен шығушылыққа бармайды, әйтсе де тарих-
шылар кемсітушілікті айналып өткен бірде-бір қоғамды тауып бере
алмайды. Адамдар өз қоғамын тәртіпке келтіру қамымен халықты
қиялындағы категорияларға: ақсүйектөрге, қарапайым бұқараға және
құлдарға; ақ және қаранәсілділерге; патрицийлер мен плебейлерге;
брахмандар мен шудраларға; байлар мен кедейлерге қайта-қайта бө-
лумен келеді. Осы категориялармен миллиондаған адамдар арасын-
дағы қарым-қатынастар реттелді; бір адамдардың саяси, құқықтық не-
месе әлеуметтік мәртебесі жоғары, ал басқаларынікі - төмен болады
деп сендірді.
Иерархиялардың маңызды әлеуметтік қызметі бар: бір-бірімен
мүлде таныс емес адамдар, бір-бірімен қалай тілдесуді біледі. Ж еке


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет