3. Неандертальдық бала кейпінің тамаша реконструкциясы. Генетикалық деректер неандертальдықтардың (бәлкім, кейбіреулерінің) терісі ақ, шашы сары болуы мүмкін екенін көрсетеді. Неандертальдықтар sapiens-тердің ассимиляциясына түспеген
болса, қайда кетті? Ықтимал жауабы мынау: олар
Homo sapiens -пен
бәсекеге төтеп бере алмай, жойылып тынды. Көзге елестетіп көрелік:
sapiens-тер жүз мыңдаған жылдар бойы неандертальдықтар жайлаған
Балқан алабына аяқ басты. Келімсектер бүрыннан жергілікті түрғын-
2 4
КОГНИТИВТІ РЕВОЛЮЦИЯ дар қорек еткен бүғыларды аулап, жаңғақтар мен жемістерді тере бас- тады. Олар неандертальдықтарға қарағанда аңшы әрі терімші ретінде өлдеқайда епті еді, озық технологияларды игеріп, тәуір ұйымдасты, сондықтан тез көбейіп, жаңа жер аумақтарын басып ала берді. Ойлау- ға орашолақтау неандертальдықтар енді қарын той дыра алмайтын- дай халге жетті. Популяция азайып, біртіндеп қырыла бастады, бәлкім бір-екеуі аман қалды. Міне, сол аман қалған санаулы неандертальдық көрші қонған sapiens-терге қосылып, мидай араласып кеткен шығар. Бұдан басқа да болжам бар: ресурсқа бола басталған бөсеке, зор- лық-зомбылық пен геноцидке ұласты. Sapiens-тер қай кезде де төзім- сіз еді. Қазіргі тарихта да терінің түсіндегі, диалекті мен діндегі болма- шы айырмашылыққа бола, sapiens-тердің бір тобы екіншісін қынадай қырып жатады ғой. Ендеше, ежелгі sapiens-терден мүлде басқа адам түріне қатысты төзімділік күтуге бола ма? Неандертальдықтарға кезі- ге қалған sapiens-тер өзінің тас тунек тарихында тұңғыш әрі тубегейлі этникалық тазалау қарекетін қолға алуы әбден мүмкін. Қалай болғанда да, неандертальдықтар бізге алғашқы «егер де»