деген тарихи сөз ләмін қалдырып кетті. Ойлап көріңізші, егер де неан- дертальдықтар Homo sapiens- пен қапталдаса өмір сүре бергенде, та- рих ауаны қалай өзгерер еді? Әр алуан адам түрлері тіршілік ететін әлемде қандай мәдениет, қандай қоғам, қандай саяси қүрылымдар қа- лыптасуы мүмкін? Мәселен, дін қалай дамитын еді? «Болмыс кітабы» неандертальдықтарды Адам ата мен Хауа ананың ұрпақтары ретінде жариялап, Иса пайғамбар солардың күнәсін өтеу үшін өлер ме еді? Қүран кәрім түр-тұқымына қарамастан, иман келтіргендердің барлы- ғына жұмақтан орын тілер ме екен? Неандертальдықтар Рим легион- дарында, шырмауықтай ширатылған қытай бюрократиясында қызмет істей алар ма еді? Американың «Тәуелсіздік декларациясын» айнымас ақиқаттай көріп: «Homo туыстасының барлық мүшелері тең» дел жар салар ма екен? Карл Маркс «барлық адам түрлерінің пролетарларын бірігуге» шақырар ма өді? Соңғы 10 мың жылда Жер шарындағы жалғыз адам түрі Homo sapiens деген пікірге үйренісіп кеткеніміз сонша, басқаша мүмкін- діктерді көзге әзер елестетеміз. Аға-ініміз бен апа-сіңліміз жоқта біз бен жануарлар патшалығы арасында даңғайыр алшақтық жатқанына масаттанып, өзімізді жаратылыстың шоқтығы санау оп-оңай. Чарльз Дарвин адамның да жануарлар әлеміне жататынын ишаралаған кезде, замандастары тұлан тута ашуланды. Иә, қазір де көпшілік буған қарсы шығады. Неандертальдықтар тірі қалғанда да, өзімізді айрықша жара- тылыс үлгісі ретінде әспеттей берер ме едік? Арғы ата-бабаларымыз елемейін десе - өздеріне тым үқсас, бауырына тартайын десе - мүлде басқа туыстарын сол үшін қуртып жіберді ме екен? Sapiens-тердің кінәсінен бе, әлде басқа ма, әйтеуір олар жаңа қо- нысқа келгеннен кейін, бүрынғы жергілікті турғындар қырылып қалды.