А Д А М З А Т Т Ы Б ІРІКТІРУ
Пұтқа табынудың басымдығы
Монотеистік насихаттың 2000 жылынан кейін Жер тұрғындарының
көпшілігі политеизмді аңғалдыққа әрі надандыққа, пүтқа табынушылық-
қа балады. Бул әділетсіз қасаң қағида еді. Политеизмнің ішкі логикасын
түсіну үшін көпқұдайлыққа сенуге негізделген идеяның өзін түсіну керек.
Политеизм ғаламды басқаратын бірегей күш тұжырымдамасына
немесе әлемдік заңға қарсы тұрмайды. Политеисшіл және анимистік
діндердің көпшілігі қүдайлардың, жындар мен қасиетті жартастар арқы-
лы эсер ететін құдіретті күшті қастерлейді. Политеизмнің классикалық
гректік нұсқасында Зевс, Гера, Аполлон және олардың туыстары бәрі-
нен құдіретті әрі бәрін бағындыратын күшке - тағдырға бағынды. Скан
динавия қүдайлары да Рагнарёк («Құдайлар зауалы») келген шақта өлім
қүшатын тағдырдың қүрамдары еді. Иоруба халқының (Батые Африка)
политеистік мифі құдайлардың бәрі ең жоғарғы қүдірет иесі Олодума-
реден тарап, соның әміріне бағынышты болып қалғанын әпсаналайды.
Индуизм бірыңғай принципті, Атманды мойындайды, ол ғаламның қи-
сапсыз қүдайлары мен аруақтарын, адамзат қауымын, табиғат пен жан-
сыз нәрселер әлемін қадағалайды. Атман - он сегіз мың ғаламды, сон-
дай-ақ әрбір тіршілік иесі мен әр құбылысты бақылауына алған.
Политеизмнің монотеизмнен түбірлі ерекшелігі мынада: политеизм-
де әлемді басқаратын қүдіретті күш жеке мүдделер мен құмарлықтан
ада, оны пендешілік тілектер, уайым-мұң мен үрей-қорқыныштар алаң-
датпайды. Одан соғыста жеңіске жету туралы, денсаулық немесе жаң-
быр туралы тілеу бос әуре. Өйткені ол - ой жетпес, сөз шалынбас биік-
те, әлдебір патшалық жеңе ме, әлде жеңіле ме, қала гүлдене ме, әлде
сола ма, науқас айыға ма, әлде ажал қүша ма - оған бәрібір. Гректер
Тағдыр құдайын иітіп, мейіріміне бөленуге тырыспады, үндістер де Ат-
манға арнап храм салған емес.
Адам барлық тілек-қалауынан баз кешіп, жаман мен жақсыны, тіпті
жеңілісті, жоқшылықты, ауру мен ажалды қатар қабылдауға мойынсұн-
ған кезде ғана осынау құдіретті күшке жалбарынудың мәні болды. Мә-
селен, кейбір үнділер - садху, әлде санья-синалар жанын нүрланды-
ру үшін Атманға жетуге, Атманмен бірігуге өмір бойы талпынды. Олар
әлемге осынау әмбебап принцип көзімен қарап, мәңгілік мүраты түр-
ғысынан бүкіл пендешілік тілектер мен қорқыныштардың өтпелі, баян-
сыз екенін бағамдауға тырысты.
Үнділердің көпшілігі садху емес. Олар Атманға еш қатысы жоқ күнде-
лікті күйбең тіршілікке басыбайлы байланып қалды да айрықша қүдірет-
ке ие құдайларға жалбарынды. Міне, сондықтан да үнділердің мүмкін-
дігі шектеулі, Ганеша, Лакшми, Сарасвати және басқалар қүмарпаздық
пен жеке мүдде атаулыға теріс қарамайды. Адамдар тиісті «шектеулі
контингентпен» мәміле жасасып, соның желеп-жебеуімен соғыста жеңіп
шығады немесе ауруынан айыға алады. Политеизмнің үлы жаңалығы
Достарыңызбен бөлісу: