&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет218/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

187


ҮШ ІНШ І БӨЛІМ
лық революциядан кейінгі мың жылдықтар ағымындағы діни рәсімдер 
құдайларға қозыларды, шарап пен күлше нанды қүрбан етіп, садақа 
қылуға сайды, солардың өтеуі ретінде құдіретті күш иелері бітік егін 
шығарып, отар санын арттыруға тиіс болды.
Бастапқыда аграрлық революция жартастар, бұлақ қайнары, 
аруақтар мен жын-перілер сияқты анимистикалық сенім жүйелеріне 
тиіскен жоқ. Алайда олар да жаңа құдайлардың қысымымен кейін ше- 
гіне бастады. Адамдар бірнеше жүздеген, әрі кеткенде мыңдаған шар- 
шы шақырым аумақ шегінде өмір сүріп жатқан шақта жергілікті аруақ- 
тар олардың мүқтаждықтарын толықтай ескеріп, желеп-жебей алды. 
Ал енді патшалық пен сауда-саттық өсіп, көлемі ұлғайған кезде құді- 
ретімен дүйім патшалықты немесе сауда аймағын жарылқай алатын 
әлдебіреудің шапағаты қажет болды.
Осы қажеттіктен политеистік (грекше 
p o ly -
көп және 
theos-
құдай) 
діндер туындады. Бұл діндер әлемді құдіреті бәрінен күшті қүдайлар -
Құнарлылық құдайы, Жаңбыр құдайы, Соғыс құдайы басқаратынын 
айтты. Адамдарды осы қүдірет иелеріне табынуға үндеді. Әлгі қүдай- 
лар атқарылған рәсімдер мен шалынған қүрбандықтарға разы болса, 
жаңбыр жаудырып, жеңіске жеткізетініне, денсаулық сыйлайтынына 
сендірді.
Политеизм келгенімен, анимизм біржола жоғалып кеткен жоқ. 
Жындар, перілер, елестер, қасиетті жартастар мен қайнарлар, ағаш- 
тар көптеген діндер мазмүнына кірігіп кетті. Қүдайларға қарағанда әлгі 
рух иелеріне онша көп мән берген жоқ. Әйтсе де қарапайым адамның 
күнделікті тірлігінде олар ерекше құрметтелді. Ел астанасында патша 
оншақты бағланды Сотые құдайына құрбандыққа шалып, варварлар- 
мен шайқаста жеңіске жеткізуін тілеп жатқан кезде, айдаладағы егінші 
түт ағашының рухына арнап лашығына шырақ жағып, ауру баласын 
аман алып қалу үшін жалбарынып отырды.
¥лы құдайлардың пайда болуына орай қойлар мен жын-перілер- 
дің мәртебесі қаншалықты өзгерсе, 
Homo sapiens
мәртебесі де сон- 
шалықты өзгерді. Анимизм адамды жер шарының көптеген мекендеу- 
шілерімен қатар қойып қарастырса, политеисшілер дүниені адамдар 
мен құдайлардың арасындағы қарым-қатынастардың күрделі жүйесі 
ретінде көрді. Құдайға сыйыну мен қүрбандық шалулар, қайырымды- 
лық пен жауыздық істер бүкіл экожүйенің тағдырына эсер етеді деп па- 
йымдады политеисшілер. Ақымақ адамдар қүдайлардың ашуына тиіп, 
кәріне үшырағандықтан ғана жойқын тасқын миллиардтаған құмырсқа 
мен шегірткелерді, жүз мыңдаған тасбақа, елік, керіктерді қырып са- 
луы мүмкін. Міне, осылайша политеизм тек құдайлардың емес, сон- 
дай-ақ адамдардың да мәртебесін асқақтатты. Бағы жанбаған баяғы 
анимистикалық жүйенің өкілдері барлы-жоқты қүрмет-беделін жоғал- 
тып, адам мен құдайлар арасында өрбіген ұлы драманың көлденең 
куәгерлері, әйтпесе декорациясы деңгейінде қала берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет