ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
көңіл қалауынан туындамайды, керісінше, жоғарыдан, абсолютті
биліктен келеді деп үйретеді. Сол арқылы ең маңызды заңдар күмән
тудырып, сынға ұшырамайды, ал бұл әлеуметтік тұрақтылықты
қамтамасыз етеді.
Дін дегеніміз -
қудіретті, адами өреден жогары тәртіпке сенуге
негізделген нормалар мен қундылықтар жүйесі.
Соның екі белгісіне
тоқталайық:
1. Дін - жалпы адамзат қауымының қалауымен тіпті келісімімен
белгіленбейтін, адами өреден жоғары тұратын тәртіп. Кәсіби футбол -
дін емес. Оның да ережелері, рәсімдері, қызық ырымдары бола тұра,
футболды адамдардың өздері ойлап тапқан. ФИФА кез келген сәтте
қақпаны кеңейтуге немесе офсайд ережесін өзгертуге шешім қабыл-
дауы мүмкін.
2. Осынау жоғарғы, адами өреден биік тұратын тәртіптің, негізінде,
дін даусыз құндылықтар мен нормаларды белгілейді. Батыста әлі күн-
ге дейін албастыға, пері мен басқа нәрсеге айналып кету мүмкіндігіне
сенеді, бірақ осынау ырым-жырымдардан ешқандай мораль мен мі-
нез-құлық үлгілері қалыптаспайды, демек, олар дінге жатпайды.
Іс жүзінде діннің бәрі бірдей өзінің әлеуетін асырып, әлеуметтік
және саяси құрылыстың заңдылығын нығайта алмайды. Әртекті тұр-
ғындары бар ауқымды жер аумағын өз қарауына жүмылған жұдырық-
тай біріктіру үшін дін тағы екі негізгі өлшемге сәйкес келуге тиіс. Бі-
ріншіден, ол барша үшін және әрқашан ақиқатқа айналатын әмбебап,
адами өреден биік тәртіп үсынуға тиіс. Екіншіден, ол өзінің ақиқатын
әрбір адамға жеткізуге талпынуы шарт. Басқаша сөзбен айтқанда, бі-
ріктіруші дін әмбебап әрі миссионерлік болуы қажет.
Әлемдегі христиандық, мүсылмандық және буддалық наным сияқ-
ты ең мәшһүр діндер әмбебаптық пен миссионерліктің нышандарын
үштастыра білді. Соның нәтижесінде адамдар діндердің бәрі осындай
деп ойлауға бейім тұрады, ал, шын мәнінде, ежелгі нанымдардың көп-
шілігі эксклюзивті әрі жергілікті аядағы сенімдер болатын. Адамдар
жергілікті қүдайларға сыйынды, оларға бүкіл адамзатты жүгіндіруге
талпынған жоқ. Біздің білетініміз: әмбебап миссионерлік діндер тек
біздің дәуіріміздің шегінде тебе көрсетті. Әмбебап діндердің пайда бо
луы - ақша мен империялар сияқты - адамзатты біріктірудің аса бет-
бұрысты әрі шешуші факторына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: