&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет224/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
Бірақ діни ілім мен тарихи шындықтар арасында әрқашан алшақ-
тық болады. Адамдардың көпшілігі монотеисшілдікті толық қабылдай
алмайтын болып шықты. Олар әлемді бұрынғысынша «біз» бен «олар-
ға» бөлуден танбады, ғаламның құдіреті күшті иесі де тым алыс әрі
жатбауыр, күнделікті мұқтаждыққа үн қатпайтындай қалыпта көрінді.
Монотеисшіл діндар кернейлете-сырнайлата бүкіл құдайларды есік-
тен қуып шықты, ал қүдайлар сол мезетте тесіктен кіріп жатты. Мәсе-
лен, христиандар жасаған қасиетті адамдар пантеонына табыну куль-
тінің политеистік культінен айырмашылығы аз еді.
Юпитер - Римді, ал Уицилопочтли ацтектер империясын қорғаш-
тағаны сияқты әрбір христиан корольдігінің де қиындықтарды еңсеріп,
соғыстарда жеңіп шығуына жәрдемдесетін өз жебеушілері, қасиетті
қамқоршылары болды. Англияны - қасиетті Георгий, Шотландияны -
киелі Андрей, Венгрияны - қасиетті Стефан, Францияны әулие Мартин
қорғады. Қала мен кенттің, мамандықтың тіпті сырқат-кеселдің барлық
жерлерде өз киелері бар еді. Милан қасиетті Амвросийге үміт артса,
Венецияны қасиетті Марк желеп-жебеді. Киелі Флориан мұржа таза-
лаушыларды жарылқаса, әулие Матфей алым-салық жинаушыпарды
пәле-жаладан қорғаштады. Бас ауруынан қиналғанда қасиетті Ага-
фияға, ал тісі ауырғанда оған емес, киелі Аполлонияға сыйыну керек.
Христиандық әулиелер баяғы көп құдайларға жай ғана ұқсас емес,
жаңа кейіптегі солардың өзі еді. Мысалы, христиандықты қабылдаған-
ға дейін ирландтық кельттердің жоғарғы қүдайы Бригид болды. Елді
шоқындыру барысында Бригидті де шоқындырып, қасиетті Бригидке
айналдырып жіберді, әлі күнге дейін ол католиктік Ирландиядағы ең
көп мінәжат етілетін әулиелерінің бірі.
Ізгілік пен жауыздықтың шайқасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет