Әйтеуір жауыздық мәселесін меңгеру монотеисшілдерге оңайға түс- пейтіні айдан анық. Ал дуалистерге бұл дәнеңе емес. Жақсы адамдардың жапа шегіп, бақытсыздыққа ұшырау себебі: әлемді бәрін білуші, бәрінен қүдіретті әрі бәрін ізгілікке бөлеуші Қүдай басқарады. Әлемде Құдайдың құдіре- тіне тәуелсіз жауыз күштер де өріп жүр. Сол қарау күштер бақытсыз- дыққа үшыратады. Қарапайым да жатық түсіндірме тіпті монотеисшіл- дер де бұған саналы түрде бас шүлғиды. Дуализмнің өз кемшіліктері бар. Иә, жауыздық мәселесін бұл дү- ниетаным оп-оңай әрі қарапайым түрде шеше салатыны рас. Енді тәр- тіп мәселесі туындайды. Әлемде екі күш қарама-қарсы тұрып тірессе, осы күреске жол беретін заңды кім шығарған? Мәселен, екі мемлекет соғысқа кірісуі мүмкін, өйткені олар бір кеңістікте және уақыт ағымын- да өмір сүріп, табиғаттың бірдей заңына бағынады ғой. Пәкістаннан ұшқан зымыран физика заңы екі елге ортақ болуына байланысты Үн- дістан аумағындағы нысананы жойып жібереді. Ал енді ізгілік жауыз- дықпен шайқасқан шақта қандай ортақ заңдылыққа бағынады және де сол заңдарды оған кім нұсқайды? Дуалистер жауыздық мәселесін түсіндіріп бере білді, бірақ тәртіп мәселесін жапсарлауға шамасы жетпеді. Монотеисшілдер тәртіп мә- селесін шешкенімен, жауыздыққа келгенде сүріне береді. Жүмбақтың логикалық шешімі бар: он сегіз мың ғаламды жаратушы, бір ғана құді- реті күшті Құдай бар, жауыздықты жасайтын да осы Құдай деп топшы- лауға болады. Бірақ тарихта мүндай жорамалды ашып айтуға ешкімнің тәуекелі жеткен емес. Дуалистік діндер мың жылдан аса өркендеді. Б.з.д. 1500-1000 жылдар аралығында Орталық Азияда Заратуштра пайда болды. Оның ілімі ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, біртіндеп ең танымал дуалистік дін -