&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


соның ішінде Магелланның өзі де қаза тапты. 1873 жылы Жюль Верннің



Pdf көрінісі
бет256/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

соның ішінде Магелланның өзі де қаза тапты. 1873 жылы Жюль Верннің
кейіпкері - шытырман оқиғалар іздеуші ауқатты ағылшынға арналған
әлемді шыр айналу маршрутын сызады, оны Филеас Фогг 80 күнде ең-
серіп шығады. Бүгінде орташа дәулетті кез келген адам еш қиналмас-
тан әрі шаршап-шалдықпастан Жер шарын 48 сағат ішінде айналып
шыға алады.
1500 жылы адамдар әлі жерден ажыраған жоқ еді. Олар мұнаралар
салып, тау басына шыға алды, бірақ әуе кеңістігі құстарға, періштелер
мен құдайларға ғана тиесілі болды. 1969 жылғы 29 шілдеде адамдар
Айға қонды. Бүл жай ғана тарихи оқиға емес. Эволюциялық, тура ма-
ғынасында: ғарыштық құбылыс деуге келеді. Эволюцияның терт мил­
лиард жылында ешбір организм Жер атмосферасынан суырылып шы-
ғып, Айға табанын тигізіп көрген емес.
Адамдар өз тарихының біраз бөлігінде ғаламшардағы организм-
дердің 99,99%-ы - микроорганизмдер туралы білген жоқ. Бұл тірші-
лік иелерінің бізге түк қатысы болмағандықтан емес. Әрқайсымыз өз
бойымызда миллиардтаған біржасушалыларды алып жүрміз; бұлар
жай жолшыбай кездесе қалған әлдене емес: біреулері - ең жақсы
достарымыз, келесілері - қас дұшпандарымыз. Біреулері ас қорытуға
көмектесіп, ішекті тазалайды, басқалары ауру тіпті індет шақырады.
1674 жылы ғана микроорганизмді тұңғыш рет көрудің сәті түсті: Антони
вен Левенгук су тамшысын қолдан құрастырған микроскоптың астына
қойып қарағанда, әлгі тамшыдағы құжынаған титімдей тіршілік иеле-
рін көріп, шошып кетті. Келесі 300 жыл бойы адамдар толып жатқан
титімдейлермен таныса берді. Олар туындататын ажалды ауру-кесел-
дердің бәрімен күресуді үйреніп, микроорганизмдерді медицина мен
өнеркәсіп салаларына қызметке алдық. Бүгін дәрі-дәрмек пен био-
отын өндіретін және паразиттерді өлтіретін бактерияларды да қолдан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет