&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


екіншісіне жұға береді. Эволюция терминінің астарында игілік дегеніміз кез



Pdf көрінісі
бет253/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

екіншісіне жұға береді. Эволюция терминінің астарында игілік дегеніміз кез
келген түрдің тіршілік етіп, көбеюі деген мағына жатыр (Жаппай қарулану
жанталасы да, гендер де бейсаналы, олар тіршілік етіп, көбеюге тырыспай-
ды; бәрі қуатты ішкі динамиканың нәтижесінде таралады).
Қалай атасақ та - ойындар теориясы ма, постмодернизм бе, әлде
меметика ма, бәрібір - тарихи беталыс адамзатты өркендетуге қарай
бағытталмаған. Мейлінше табысты мәдениеттер Homo sapiens үшін
тәуір болып еді деуге ешқандай себеп жоқ. Биологиялық эволюция
сияқты тарих та индивидуум туралы уайымдамайды. Адамдар игілік-
тері үшін тарихқа эсер етуге дәрменсіз әрі надан қалпында қалған.
Тарих әлдебір жұмбақ себептермен біресе бір жолды, біресе бас-
қасын таңдап, жолайрықтан келесісіне қарай адымдап барады. Шама-
мен б.з. 1500 жылдары тарих пен адамзат қауымының ғана емес, сон-
дай-ақ жер жүзінің барша тіршілік иелерінің тағдырына із қалдырған ең
шешімтал таңдау жасалғаны даусыз. Бұл таңдауды «ғылыми револю­
ция» деп атаймыз. Ол Батыс Еуропада, бұған дейін тарихта көрнекті
рөл атқармаған Афроазиялық құрлықтың батыс қиырында - ауқымды
аралда басталды. Неге ғылыми революция Қытайда және Үндістанда
емес, дәл осы жерде өркен жайып, өрістеді? Неге ол бір ғасыр бұрын
немесе кейін емес, біздің дәуірдің екінші мыңжылдығының орта шенін-
де басталды? Оны білмейміз. Ғалымдар әр алуан болжамдар айтады,
бірақ олардың арасында көкейге қонатыны жоқ.
Тарихта мүмкіндіктердің даңғайыр кеңістігі бар, солардың көпшілігін көр-
ген емеспіз. Христиан ілімінсіз, Рим империясынсыз және алтын монеталар-
сыз да тарихты бағамдай алатынымыз сияқты бірнеше ұрпақ буыны ғылыми
революциясыз өмір сүре алатын тарихты да саралауға әбден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет