&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Ғ Ы ЛЫ М И Р Е ВО ЛЮ ЦИЯ



Pdf көрінісі
бет307/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

252
Ғ Ы ЛЫ М И Р Е ВО ЛЮ ЦИЯ
38. Колумб кемесі және Чжэн Хэнің кемесі.
Ғарыштан баса-көктеп кіру
Шамамен 1517 жылы Кариб аралдарындағы испан басқыншыла- 
рына қүрлықтың әлдебір түкпірінде қуатты империя (қазіргі Мексика) 
бар екені жөнінде сыбыс жетті. Терт жылдан соң ацтектердің астана- 
сы түтіні бықсыған үйіндіге айналып, империясы күйреп тынды да, ал 
Эрнан Кортес Мексикадағы үлан-байтақ испан иелігінің иесі болып 
шыға келді.
Испандықтар бұл табыстарын тойлауға да, тынығып, аптықтарын 
басуға да мойын бүрмады. Олар жалма-жан жан-жақты барлау және 
басып алу жорықтарын үйымдастыруға кірісті. Орталық Американың 
байырғы қожайындары - ацтектер, төлтектер мен майялар Оңтүстік 
Американың бар екенін естісе, естіген шығар, бірақ сол жаққа баса- 
көктей өтуге тырысып, түрлі шарғы жасамағаны айдан анық. Он жыл- 
дың ішінде испандықтар жергілікті халықтың 2000 жыл бойы қолға ал- 
маған нәрсесінің бәрін істеді. Он жылдан асатын уақытта Франсиско 
Писарро Оңтүстік Америкада Инктер империясы бар екенін біліп, 1532 
жылға таман оны да жаулап алды.
Ацтектер мен инктер қоршаған ортаға біршама қызығушылық та- 
нытса, әсіресе испандықтардың көршілеріне қандай жаза тартқыз- 
ғанын білсе, басқыншыларға қаймықпай қарсылық көрсетер еді ғой. 
Колумбтың алғашқы саяхатынан (1492 жыл) бастап Кортестің Мекси- 
каға келгеніне (1519 жыл) дейінгі уақыт аралығында испандықтар Ка­
риб аралдарын бағындырып, жаңа колонияларының тізбегін негіздеді. 
Бодандыққа түскен халықтар үшін бүл колониялар жер бетіндегі тозақ 
болды. Жергілікті халық ашкөз әрі аяр отарлаушылардың қатал билігі- 
не душар болды. Олар бас көтеріп, сәл қарсылық білдіргендердің бә- 
рін шетінен өлтіре берді. Байырғы тұрғындар қүлдыққа түсті, үндістер 
кеніштер мен плантацияларда жүмыс істеді. Олар аса ауыр жұмыстан 
және испанның желкенді кемелерімен Америкаға жеткен ауру-кесел-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет