&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Ғ Ы Л Ы М И РЕВОЛЮ ЦИЯ



Pdf көрінісі
бет309/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

254


Ғ Ы Л Ы М И РЕВОЛЮ ЦИЯ
7-карта. Испан басқыншылығы кезіндегі ацтектер мен инктердің империясы.
Кортес те ацтектер туралы ештеңе білген жоқ. Оның және серікте- 
рінің айтарлықтай артықшылығы бар еді: ацтектерде сүдіні сүйкімсіз әрі 
сасық иісті бөгделердің келуіне орай қам жасап, қарекет қыларлық тәжі- 
рибе болмады, ал испандар болса жер бетінде әлі беймәлім халықтар 
көп тұратынын білетін. Бұған қоса олар тап осындай ұлыстармен үшы- 
расып та үлгерген. Сол кезде бөтен елдерді игеру тәжірибесі, өзгеше 
жағдайларда өздерін ұстай білуі жөнінен испандықтарға еш жұрт тең- 
десе алмайтын. Еуропалық басқыншы беймәлім әлемнің табалдыры- 
ғынан аттай түрып, жаңалық ашқан ғалымдай шаттық сезімге бөленді. 
Кортес қайда келіп қалғанын білмеді, осының өзі оған қатты унады.
Сонымен, 1519 жылғы шілдеде күн шуағына бөккен жағажай- 
ға табан тіреген Кортес ойланып-толғанбастан іске кірісті. Ғылыми- 
фантастикалық романдағы басқа ғаламшардан келгендер сияқты ол 
ауыздары аңқиып түрған жергілікті халыққа: «Бейбіт сапармен келдік. 
Көсемдеріңе алып барыңдар!» деп мәлімдеді. Ол Испанияның ¥лы ко- 
ролінің елшісі екенін айтып, ацтектердің билеушісі - II Монтесуманың 
қабылдауын сүрады (Кортес беті бүлк етпестен өтірік соқты. Ол ашкөз 
авантюристердің өз бетінше жүрген экспедициясын басқарды. Испа­
ния королі ацтектер туралы да, Кортес туралы да естіген емес). Ац- 
тектерге өшпенділігі бар жергілікті тайпалар Кортеске жолбастаушы, 
азық-түлік қоры мен тіпті қосымша әскери күш беріп, империя астана- 
сына, ғажайып Теночтитлан қаласына жөн сілтеді.
255


Т ӨРТІН Ш І БӨЛІМ
Кариб теңізі аралдарындағы жергілікті турғындардың тағдыр- 
таланынан бейхабар ацтектер бастарына төніп турған қауіп-қатерді 
бағамдай алмады. Жатжерліктердің астанаға дейін жетуіне мүмкіндік 
беріп, олардың көсемдерін император Монтесуманыңалдына құрмет- 
пен алып барды. Қабылдау кезінде Кортес белгі берді де, испандық- 
тар Монтесуманың ағаш шоқпар, тас пышақпен қаруланған бақауыл- 
дарын құрыш қылыштарымен турап тастады. Қонақ үй иесін тутқынға 
алды.
Кортес өзін-өзі тығырыққа тіреп, тұйыққа қамады. Император оның 
тутқынына айналды, бірақ ат төбеліндей испандықтарды жан-жақтан 
он мыңдаған ызалы ацтек жауынгерлері қоршап турды, мұнда мил- 
лиондаған өшпенділікпен өрекпіген үндістер өмір сүретін, ал құрлық- 
тың өзі туралы испандықтар ештеңе білмейтін еді.
Кортес императорды құдды бостандықта, ал «испан елшісін» қо- 
нақтықта құрмет көріп жүргендей кейіп танытып, Монтесуманы сарай- 
да түруға қалдырды. Орталықтанған Ацтек империясының құты қашып, 
берекесі кете бастады. Биліктің бәрі Монтесуманың қолында сияқты 
көрінді, жергілікті элита оған бағынды, яғни Кортестің бүйрықтарын 
орындады. Дәл осы кезде испандықтар Монтесума мен оның сарай 
қызметшілерін тергеп, өз аудармашыларына жергілікті тілді оқытты әрі 
Ацтектер империясымен, оның түрғындарымен танысу үшін бүкіл та- 
рапқа шағын отрядтар жіберді.
Ақырында, ацтектер Кортес пен Монтесумаға қарсы көтеріліп, жаңа 
император сайлады да, испандарды Теночтитланнан қуып тастады. 
Алайда осы шақта империяның қабырғасына жарықшақ түсіп үлгерген 
еді, Кортес те осы жарықшақты ұлғайтып, империяны іштен іріту үшін 
қолға түскен мәліметтерді пайдалана білді. Ол империяға бағынышты 
тайпалардың бәрін өзіне қосып, ацтектерді төңкеріп тастауға көндірді. 
Бүл тайпа, әрине, есебінен жазбай жаңылған еді. Олар ацтектерді жек 
көрді, бірақ испандардың қандай екенін және олардың Кариб аралда- 
рында не бүлдіргенінен бейхабар болды. Үндістер испандардың көме- 
гімен жексүрын ацтектердің езгісінен құтылуға үміттенді. Ацтектердің 
орнын испандар басады-ау деген ой олардың бастарына кіріп те шық- 
пады. Кортес пен оның 500 солдаты мүрнын көкке шүйіріп жатса, мы- 
сын басып, сабасына түсіру қиын емес қой деп ойлады. Бүлікші тайпа 
ондаған мың жасақ жинады. Осынау коалициялық армияны басқарған 
Кортес Теночтитлан қаласын қоршап, басып алды.
Осы мезетте Кубадан тіпті Испаниядан Мексикаға испан солдат- 
тары мен қоныстанушылары келе бастады. Сонда ғана жергілікті тұр- 
ғындар не болғанын түсіне қалды, бірақ енді өте кеш еді. Веракуске 
жатжүрттықтар табаны тигеніне небәрі 100 жыл толған шақта Амери- 
каның байырғы түрғындары он есе қысқарып кетті. Тірі қалғандары 
ацтек билігінен әлдеқайда қатал, тойымсыз, нәсілшіл режимнің таба- 
нына тапталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет