К О ГН И ТИ В ТІ РЕВО ЛЮ ЦИЯ * * *
Осының бәрі қиял тілін дамыту арқасында мүмкін болды: соның көмөгімөн өз әңгімелеріміздің ішінде өмір сүретін қүбылыстарды көзге өлестетіп, сипаттай аламыз. Штадельдік арыстан-адам да, «Peugeot» компаниясы да атомдардан емес, тірі жасушалардан да өмес, ой- қиялдан жасалған. Ғасырлар мен мыңжылдықтар ағымында адамдар өте күрделі сюжеттер құрастыруды үйренді. Осы желідегі «Peugeot» тәрізді жалған мифтер өмір сүріп қана қойған жоқ, сонымен қатар бү- рын-соңды естіп-білмеген қуат жиды: олар арыстаннан немесе дүйім арыстандар үйірінен әлдеқайда тегеурінді. Алайда олар желіден тыс- қары тіршілік ете алмайды. Sapiens-тің барлығы шын өмірде жоқ нәр- селерді талқылау қабілетінөн жаппай айырылса, «Peugeot» компа ниясы, онымен бірге: биржа, дін, мемлекет, ақша мен адам құқықтары да қас-қағымда жоғалып кетер еді. Ғылыми ортада мифтер мен басқа да сюжеттер туындататын мұндай құбылыстар «фикция», «әлеумет- тік құрылым» немесе «қиялдағы шындық» деп аталады. Өтірік айту, демек, өзен бойынан арыстан көргеніңді әңгімелеу. Шындығында, ол маңда ешқандай арыстан жоқтығын өзің де біліп тұрсың. Өтірік - Sapiens-терге ғана тән емес. Жасыл мөшіндердің өтірікшілігі әшкере- ленген: олар маңайда арыстанның қарасы да жоқ кезде қышқырып, оның таяп қалғаны жөнінде ескерту жасайды. Осылайша, бананды енді-енді қолына ала бастаған үйірлесін үркітіп жіберіп, өтірікші тәтті асқа өзі тояды. Қиялдағы шындықтың өтіріктен айырмашылығы: бул - жұрттың бәрі сенетін нәрсе, осынау ортақ сенім сақталып тұрған кезде ойдан шығарылған әңгіме нақты бір күшке айналады. Әсілі, штадельдік