&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


* Осы беттен бастап sapiens-тің тілі туралы әңгімелегенде, нақты қандай да бір диа­



Pdf көрінісі
бет45/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

* Осы беттен бастап sapiens-тің тілі туралы әңгімелегенде, нақты қандай да бір диа­
лект емес, біздің түрдің негізгі лингвистикалық қабілеті туралы айтпақпын. Ағылшын, қы-
тай, үнді тілдері - sapiens тілінің өзге нүсқалары. Когнитивті революцияның кезінде де
sapiens-тің әр тобының өзгеше диалектілері болған сияқты.
4 3


БІР ІНШІ БӨЛІМ
3-тарау
Адам мен Хауаның бір күні
Жаратылысымызды, тарихымыз бен психологиямызды ұғыну үшін 
тас ғасырындағы аңшылар мен терімшілердің «миын шарлап шығу» 
қажет. Аңшылық пен терімшілік кезеңі sapiens-тер тарихының ауқымды 
бөлігін қурайды. Sapiens-тердің басым бөлігі зауыттар мен кеңселерде 
жұмыс істеп, нан тауып жүрген соңғы 200 жыл да, егін баптап, мал бақ- 
қан оның алдындағы 10 мың жыл да бағзы бабаларымыз аң аулаумен, 
жеуге жарамды жеміс терумен өткізген бірнеше ондаған мыңжылдық- 
пен салыстырғанда, қас-қағым сәт сияқты көрінері хақ.
Эволюциялық психология адамның қазіргі замандағы психология- 
лык және әлеуметтік ерекшеліктері - ауылшаруашылық дәуіріне дейін- 
гі тарихтың тым ұзақ кезеңінде қалыптасқанын алға тартады. Миымыз 
бен ойлау жүйеміз әлі күнге дейін аңшылық пен терімшілік тұрмысқа 
сәйкес келіп тұрады. Азықтану салтымыз, қақтығыстарымыз бен жы- 
ныстық қатынасқа қүмарлығымыз - аңшы мен терімші миының қазіргі 
постиндустриялық ортамен, мегаполистермен, үшақтармен, телефон- 
дармен және компьютерлермен қарым-қатынасының нәтижесі. Бұл орта 
бұрынғы буынның өңі түгіл түсіне де кірмеген материалдық игіліктерге 
кенелтіп, ғүмыр жасымызды ұзартып тастады. Неліктен бүлай болып 
жатқанын түсіну үшін, түйсігіміз тастай байланып қалған әлемге, өзімізді 
қалыптастырған аңшылар мен терімшілер әлеміне енуге тырысқан жөн.
Мысалы, неге соншалықты толықпыз? Қазір бақуатты елдер се- 
міздікпен сәтсіз күрес бастаған. Алдымызға келгенді қүр қайтармай, 
жей береміз, жей береміз. Ең сорақысы: түзды, тәтті, майлы, өте қү- 
нарлы демей, көз түскен тағамның бәрін талғамай жүтамыз. Ата-баба- 
ларымыздың азықтану салтын еске алайық. Олар мекендеген саван- 
налар мен ормандарда өте құнарлы, нәрлі, жалпы тагам түрлері өте 
тапшы еді. 30 мың жыл бүрын терімші десерттің бір-ақ түрін - піскен 
жеміс-жидекті ғана білді. Тас ғасырының әйелі мәуесін көтере алмай 
майысқан інжір ағашына кезіге қалса, бабуиндер келіп қалғанша, сол 
жерде мейлінше көбірек жеміс жеп қалуға тырысты. Көмейге құнар- 
лы тағамды қомағайлана тықпалауға итермелейтін инстинкт генімізде 
бұғып жатыр. Тіпті тоңазытқышы аузы-мұрнынан шығып тұрған жанға 
жайлы, сән-салтанатты үйлерде дәурен сүріп жатсақ та, ДНҚ-мыз са- 
ваннада жүгіріп жүр екенбіз деп ойлайды. Осы ойдың өзі шоколадты 
пломбирдің түбін қырнап жеп, кока-коламен шел басуға итермелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет