Б І Р І Н Ш І Б Ө Л І М
6. Католиктердің альфа-еркегі мұндай құрбандықты экологиялық та,
генетикалық та факторлар талап етпесе де, жыныстық қатынас жасаудан
және ұрпақ қалдырудан бас тартады.
Тағы бір мысалды Тынық мүхиттың оңтүстік бөлігінен табамыз.
Жаңа Гвинеяның солтүстігіндегі Жаңа
Ирландия аралын мекен еткен
sapiens-тер вулкан шынысы - обсидианнан аса берік әрі өткір аспап-
тар жасады. Алайда бүл аралда обсидианның табиғи көзі жоқ еді. Ла-
бораториялық зерттеу нәтижесінде, Жаңа Ирландия түрғындары өз
саймандарын дайындаған обсидианның басқа аралдан - 400 шақы-
рым жердегі Жаңа Британиядан жеткізілгенін анықтады5.
Сауда-саттықбір қарағанда, негізсіз ісжәне пайдасыз шаруа сияқты.
Sapiens-тен өзге еш жануар саудамен айналыспады.
Sapiens-тер сауда
желісіне жаппай кіріскені жайлы нақты дәлелдер жеткілікті. Сауданы се-
нім артпаған адамыңмен жасай алмайсың, бөтен біреуге сену де қиын.
Осы күнгі жаһандық сауда желісі доллар, Федералдық Банк қоры және
корпорациялардың тауар белгісі сияқты қиялдағы қүрылымға сенуден
қүралған. Тайпалық одақта екі
бейтаныс сауда жасағысы келсе, ортақ
сенімдері - Қүдай, ата-баба аруағы, мифологиялық аңдарға жүгінетін.
Достарыңызбен бөлісу: