&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет43/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

41


БІР ІН ШІ БӨЛІМ
Тарих пен биология
Sapiens-тер ойлап тапқан шындықтың алуантүрлілігі мен осынау 
қиялдағы шындыққа жетеғабыл әртүрлі пайымдардан қазіргі кезде біз 
«мәдениет» деп атап жүрген мінез-қүлық пішімдері қалыптасады. Мә- 
дениет атаулы пайда болған сәтінен бастап үздіксіз өзгеріп, дами бе- 
реді, осынау мәңгілік қозғалысты «тарих» деп атаймыз.
Когнитивті 
революция 
дегеніміз 
- тарихтың 
биологиядан 
алшақтай түсетін сәті. Одан әрі адамзаттың дамуы туралы әңгімедегі 
биологиялықтеориялар тарихи хикаяларға үласады. («Хикая» терминін 
қолдануға құлықсызбын. Себебі бүл термин когнитивті революцияға 
дейін де адамдар өздерінің жеке санатында өмір сүрді деген қате 
пайым жасайды.) Когнитивті революция басталғаннан кейін Homo 
sapiens-тің қалай дамығанын түсіндіруде биологиялық теориялардың 
орнын тарихи хикаялар алмастырды. Христиандықтың немесе 
Француз революциясының салтанатын елеп-екшеу үшін атомдардың, 
молекулалардың немесе организмдердің өзара әрекеттесуін ой 
елегінен өткізу жеткіліксіз, сондай-ақ идеялардың, образдар мен 
фантазиялардың да өзара байланысын ескеру қажет.
Бұл - бірақ 
Homo sapiens
жене адам мен оның мәдениеті биология 
заңдылықтарынан біржола арылды деген сөз емес. Біз бүрынғы жа- 
нуар қалпымызда қала береміз, физикалық, когнитивті және сезімдік 
қабілет-қарымымыз да ДНҚ-мызға бұрынғысынша сабақтасып жатыр. 
Біздің қоғам да неандертальдықтар мен шимпанзелердікі сияқты кір- 
піштерден қаланады. Осы кірпіштерді - түйсікті, сезімді, отбасылық 
байланыстарды неғұрлым мұқият зерттеген сайын, өзіміз бен примат- 
тар арасындағы айырмашылықтың солғұрлым азая беретін көреміз.
Индивидуум немесе отбасы деңгейінде айырмашылық іздеу бекер- 
шілік. Адам баласын немесе сан мөлшері бірдей шимпанзені салыс- 
тырса, үқсастық, біршама алаңдатады. Тайпа әлде қауымдастық мүше- 
лері 150-ден асқанда ғана елеулі айырмашылық көріне бастайды, ал 
1000-1200 индивидуум деңгейінде айырмашылық айқын көзге түседі. 
Мыңдаған шимпанзені Нью-Йорк биржасыныңғимаратына, «Янки» ста- 
дионына, Капитолийға немесе Б¥¥-ның штаб-пәтеріне еліктіріп алып 
келсе, азан-қазан айғай-шу болар еді. Ал sapiens-тердің мұндай орын- 
дарға мыңы, ондаған мыңы жиналады. Олар оқшаулана қызмет атқара 
алмайтын нәрселердің бәрін - сауда желілерін, бұқаралық шаралар- 
ды, саяси институттарды үйымдастыра біледі. Шимпанзеден шынайы 
айырмашылығы - адамдардың отбасынан бастап ұлтқа дейінгі үлкен 
тобын біріктіретін осынау сиқырлы желімі. Сол қүдірет адамды барша 
жан-жануардың падишасы етті.
Әрине, басқа машықтары, әсіресе тамақ пісіріп, аспаптарды пайда- 
лана білетіні де шешуші рөл атқарды. Алайда ынтымақтасуды үйрене 
алмаса, аспап-сайманнан пайда шамалы еді. 30 мың жыл бүрын шақ-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет