&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


КОГН ИТИВТІ РЕ ВО ЛЮ Ц ИЯ



Pdf көрінісі
бет44/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

КОГН ИТИВТІ РЕ ВО ЛЮ Ц ИЯ
пақтасты сүңгісі бар таяқты ғана иеленсек, ядролы оқшантайы бар раке- 
таларды бүгін қайдан алдық? Аспаптар дайындаудың таза биологиялық 
дағдысы өткен мыңжылдықтар ағымында еш өзгерген емес - әйтпесе 
Альберт Энштейн бұл салада ежелгі аңшылар мен терімшілерден асып 
кете алмас еді. Есесіне бейтаныс адамдармен өзара әрекеттесу қабіле- 
ті таңғаларлықтай арта түсті. Жалғызілікті шебер, үш-төрт жолдасының 
көмегіне сүйеніп, ақыл-кеңесіне құлақ асса, шақпақтастан найза сүңгісін 
бірнеше минутта жасады. Ядролық оқшантайды жасау үшін әлемдегі 
жер қойнынан уран өндіретін кеншілерден бастап, ұзыннан-үзақ форму- 
лаларымен атом ішіндегі үдерістерді түсіндіретін физик-теоретиктерге 
дейінгі миллиондаған адамның ынтымақтастығы қажет болады.
Сонымен әңгіменің қорытындысына - когнитивті революциядан 
кейін биология мен тарихтың арақатынасы қалай болатынына тоқта- 
лайық:
А.
Биология 
Homo
sap/ens-тің мінез-қүлқы мен дамуының негізгі өл- 
шемдерін белгілеп береді. Тарих биология белгілеп берген шеңбер- 
дің ішінде өрбиді.
Ә. Әлгі шеңберлер аса кең болады, 
Homo sapiens
-тің әртүрлі ойын ой- 
науына мол мүмкіндік береді. Қиял тілінің арқасында sapiens-тер 
бүрынғыдан да күрделі ойындар ойлап тауып, әр ұрпақ буыны оны 
толықтырып отырады, осылай даму жалғаса түседі.
Б. Sapiens-тердің мінез-құлқын түсіну үшін олардың іс-әрекетінің та- 
рихи эволюциясын қарастыру керек. Биологиялық жағын қарастыр- 
сақ, онда бұл элем чемпионатынан хабар беруші комментатордың 
футбол алаңын ғана суреттеп, ойыншылардың іс-әрекеті туралы 
ауыз ашпаған радиорепортаж сияқты бірдеңе болып шығар еді.
Тас ғасырында бағзы бабаларымыз тарихи аренада қандай ойын 
ойнады? Білетініміз: шамамен 30 мың жыл бүрын Штадель арыстан- 
адамын жасаған кісі де мына біз сияқты дене мен сезімге және 
интеллектуалдық қасиеттерге ие болды. Таңда оянғанда олар не 
істеді? Таңғы және түскі асқа не жеді? Олардың қоғамы қандай еді? Бір 
некелі одақ пен отбасы болды ма? Әдет-ғұрыптары, моральдықжосын- 
дары, спорттықжарыстары мен діни рәсімдері ше? Сотысты ма? Келесі 
тарауда когнитивті және аграрлық революциялардың аралық кезеңде- 
ріндегі адамдар тұрмысын қанық көру үшін мыңжылдықтар шымылды- 
ғын түріп тастауға тырысамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет