мүсінші арыстан-адамға - тайпаны желеп-жебеуші рухқа шүбәсіз
сенген сияқты. Бақсылардың арасында алдампаздар ұшырасып
қалады, әйтсе де олардың көпшілігі қудайлар мен жындардың өмір
сүретініне имандай сенеді, ал миллионерлердіңкөбі тап солай ақша мен
жауапкершілігі шектеулі компаниялардың бар екеніне шәк келтірмейді.
Құқық қорғаушылар әдетте адам құқықтарына сенеді, 2011 жылы Б¥¥
ливиялық басшылардан ел ішінде адам қуқықтарын сақтауды талап
еткен кезде, ешкім мұны өтірікке балаган жоқ, сейте тура, Б¥¥ да,
Ливия да, адам қүқықтары да - біздің шалқар қиялымыздың жемісі
ғана.
Когнитивті революциядан бері sapiens екі түрлі шындықпен өмір сү-
ріп келеді. Біріншіден - өзендер, ағаштар мен арыстандар туралы объ-
ективті шындық. Екіншіден - құдайлар, ұлттар, корпорациялар туралы
қиялдағы шындық. Уақыт өте келе қиялдағы шындықтың бәсі артты.
Осылайша, өзендер, ағаштар, арыстандар сияқты нақты заттар қиялда-
ғы шындық: қудайлар, улттар, корпорациялардың шапағатына тәуелді
болып қалды.
37
БІРІНШІ БӨЛІМ
Ген арқылы таралу
Сөздерден қиялдағы шындықты жасап алу қабілеті бірнеше бей-
таныстың біріге үйлесе жүмыс істеуіне мүмкіндік береді. Тіпті ол аз
десеңіз, кең көлемді ынтымақтастық мифке негізделетіндіктен, мифті
өзгерту, яғни басқа сюжет айту арқылы ынтымақтастық тәсілін жетілді-
руге болады. Кей жағдайларда мифтер өте тез құбылады. 1789 жылы
бір түннің ішінде француздар корольдің Құдайдан дарыған қүқығы жө-
ніндегі мифті - биліктің халыққа тиесілі екені туралы мифке ауыстыра
салды. Когнитивті революция заманынан бастап sapiens-тер өзгермелі
мұқтажына қарай мінез-құлқы да тез құбылатын қабілетке ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |