ты: ең семіз тауықты ең шабан әтешпен шағылыстырса, оның бала- паны әрі сүбелі, әрі жалқау болып шығады екен. Осы құстарды одан әрі шағылыстыра берсе, мамырлап қалатын тауықтар пайда болады. Осылайша Құдайдың емес, адамның түпкі ойы, ақылдан өрбіген ние- ті бойынша бұрындары табиғатта белгісіз болған тауықтар деген түр қолдан сұрыпталып шықты. Бірақ құдіреті күшті Құдайға қарағанда, Homo sapiens-тің өз ниет- терін іске асыру мүмкіндігі тым шектеулі еді. Sapiens-тер табиғи үде- рістерді айналып өтіп немесе жеделдете түсіп, мақсатты сұрыптау жұ- мыстарын атқарғанымен, әу бастан әлгі жабайы тауықтардың гендік қорында болмаған жаңа қасиеттерді дарыта алмады. Sapiens-тер мен тауықтар арасындағы қарым-қатынас табиғатта аракідік ұшыраса бе реты симбиоздар қағидаты бойынша өрбіді. Тауықтарға арнайы эсер етіп, семіздері мен жалқауларын қолдан сүрыптап шығарған адам - гүлдерін тозаңдандырып, өсімдіктердің сұрыпталуына ықпал ететін бал арасына үқсайды: жарқырай шешек атып, жұпар иісі аңқып тура- тын өсімдіктер бәрінен жақсы көбейеді ғой. Бүгінде, өзінің үстемдік құрғанына терт миллиард жыл өткен шақта, негізгі эволюциялық үдеріс - табиғи сұрыптау мүлдем бас- қаша сипатта қалыптасудың алдында қаңтарылып тұр. Байтақ әлем бойынша ғалымдар зертханаларда тірі нәрселерді қолдан жасап жатыр. Олар организмдердің бастапқы сипаттамаларын белден бір басып, табиғи сұрыптау заңдарын жосықсыз бұзуда. Эдуардо Кац деген Бразилия биосуретшісі 2000 жылы елден ерек бір туынды: жарқырап жанып тұратын жасыл қоян жасап шығаруға ниеттенді. Ол француздардың зертханасына хабарласып, ез тапсырысымен жасалатын қоян үшін қомақты ақы ұсынды. Француз ғалымдары кә- дуілгі аққоянның эмбрионын алып, жасыл сәуле шығаратын медуза