&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


түсуді - нақты эмоциялық ахуалды қуумен шендестіреді. Бұған кері-



Pdf көрінісі
бет437/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

түсуді - нақты эмоциялық ахуалды қуумен шендестіреді. Бұған кері-
сінше, дәстүрлі философиялық және діни ағымдардың көбі, мысалы,
буддизм бақыттың қақпасын ашатын кілт өзіңнің шынайы «Меніңді»
тануда - кім екеніңді және өмірге не үшін келгеніңді түсінуде жатыр
дейді. Талай адам жаңсақтыққа үрындырып, өзін сезімдерімен, ой-пі-
кірлерімен және құштарлықтарымен шендестіреді. Олар ашуланған
кезде өз-өздеріне: «Ашу кернеп барады. Қаһарлымын» дейді. Ол жан
толқыныстарының біріне ұмтылып, екіншісінен құтылу үшін барша
ғүмырын сарп етеді. Адам мен оның жан толқынысы бір нәрсе емес
екенін, нақты бір сезім ауанының соңынан қажымай-талмай қуа беру
түбінде өздерін тұзаққа түсіретінін олар түсіне алмайды.
Шынымен осылай болса, онда біздің бақыттың бастауы туралы
ұғымымыз түбірінен қате болып шығуы мүмкін. Дәмеміздің орындал-
мағаны да, адамдардың жағымды сезімдерге қаншалықты кенелгені
де маңызды емес. Ең басты сұрақ: адамдар өзін тани алды ма? Ежелгі
терімшілерден немесе ортағасырлық шаруадан гөрі, бүгінгі адам өзі-
нің шынайы «Менін» жақсырақ түсінетінін дәлелдей аламыз ба?
Ғалымдар бақыт тарихымен тек бірнеше жыл бұрын ғана айналы-
са бастады, әзірге біз де алғашқы жорамалдарды ғана түжырымдап,
зерттеу әдістерінің тамырын басып көреміз. Үзілді-кесілді қорытынды
жасап, енді ғана өрбіген пікірталасты тоқтатуға әлі ерте. Әр алуан тә-
сілдерді байқап көріп, шешімтал сұрақтар қоюды үйренуіміз керек.
Тарихи кітаптардың көпшілігі ұлы ойшылдардың идеяларына,
жауынгерлердің ерлігіне, әулиелердің қайырымдылығына немесе сурет-
шілердің кемеңгерлігіне ерекше көңіл бөледі. Сонда әлеуметтік құры-
лымдардың қалай қалыптасып, қүлағаны, империялардың қалай пайда
болып, күйрегені, технологиялар қалай жасалып, өрістегені егжей-тег-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет