Үшінші бөлім
АДАМЗАТТЫ БІРІКТІРУ 24. Мекке. Қажылық парызын өтеуге барғандар Қағбаны айналып жүр.
ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ 9-тарау Тарихтың жебесі Аграрлық революциядан кейін адамзат қауымдастығы күрделеніп, көбейе түсті де, соған сәйкес әлеуметтік құрылысты демейтін қиялда- ғы конструкция да дами берді. Мифтер мен ойдан шығарылған түрлі әңгімелер бесіктен белі шықпай жатып-ақ, адамды белгілі бір образ- дармен ойлантып, белгілі бір стандарттар бойынша әрекет қылуға, нақты заттарды қалап, нақты ережелерді сақтауға үйретті. Миллион- даған бейтаныстың алғаусыз ынтымақтасуына мүмкіндік беретін қо- самжар инстикт осылай қалыптасты. Осынау жасанды түрде сіңірген инстинктер желісі «мәдениет» деп аталады. X X ғасырдың бірінші жартысында тарихшылар әрбір мәдениет - кемел, үйлесімді әрі өзгермейтін болмысқа ие, әрдайым баз қалпында тұрады деген пікір ұстанды. Кез келген қауымдастықтың өз дүниета- нымы және Күнді айналған ғаламшарлар сияқты іркіліссіз қызмет іс- тейтін өзіндік ерекшелікке ие әлеуметтік, қүқықтық және саяси салты бар. Осы теорияға сәйкес өзімен-өзі оңаша қалған қоғам өзгерістерге ұшырамайды. Ол бір бағытқа бір қалыпты қадаммен адымдай бере- ді, тек сыртқы күштер ғана белгіленген жолдан бұрып әкетуі мүмкін. Антропологтар, тарихшылар мен саясаткерлер «самоалықтардың» (немесе Тасмания жабайыларының) наным-сенімдері, нормалары мен құндылықтары есте жоқ ескі замандардан бері қарай еш өзгермеген- дей етіп сипаттап жүрді. Қазіргі кезде мәдениеттанушылардың көпшілігі бүл тұжырымға