&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет178/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

4
Л Р А Л Д А Р Ы
151


ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
ретінде түсінсек, онда мұндай мәдениеттер жер бетінде енді қалмады. 
Соңғы бірнеше ғасырда барлық мәдениет жаһандық әсерлердің тегеу- 
рінімен танымастай өзгеріске ұшырады.
Оның айқын бір мысалы - «ұлттық» тағамдар. Италия мейрамха- 
насында қызанақ соусын қосқан спагеттиге, ирланд немесе поляк 
мейрамханасында картоптан жасалған тағамдарға тапсырыс бере- 
міз, аргентина мәзірі сиыр етінен әзірленген стейк атаулымен түнып 
тұрады, унді аспаздары астың бәріне аямай чили бұрышын салады, 
ал Швейцарияда біз ып-ыстық қою шоколадтың кілегей көбігін сіміріп, 
рақаттанамыз. Алайда осы аталған ингредиенттердің бәрі «аутентика- 
лық» емес. Қызанақ, чили бұрышы мен какао - мексикалық, Еуропа мен 
Азияға тек Колумбтан кейін келген. Юлий Цезарь мен Данте Алигьери 
қызыл соус қосқан спагеттиді шанышқыға орап жеген емес (айтпақшы, 
ол кезде шанышқы да болтан жоқ). Вильгельм Телль шоколадтың дәмін 
татқан емес, ал Будда тамақты ап-ащы чили бұрышымен уыттаған жоқ. 
Картой Ирландия мен Польшаға небәрі 400 жыл бұрын келді. Ал Ар- 
гентинада 1492 жылға дейін, бәлкім, ламаның етінен әзірленген стейк 
тартар ма еді алдыңызға.
Голливуд фильмдері ¥лы жазықтан шыққан үндістердің - ақнәсіл- 
ділер керуенінің қыр соңынан қалмайтын жаужүрек шабандоздар об- 
разын сомдап тастады. Алайда бүл шабандоздардың қорғағаны жер- 
гілікті көне мәдениет емес еді. Олардың өздері XVII—XVIII гасырларда, 
еуропалықтар осы жерлерге жылқыларды алып келген кезде Батыс 
Америка жазығын жайпап өткен әскери және саяси революциялардың 
жемісі еді. 1492 жылы Солтүстік Америкада бірде-бір жылқы болтан 
жоқ. XIX гасырдагы сиу және апачи мәдениетінде тартымды нәрселер 
көп, бірақ олар жергілікті «аутентикалық» мәдениеттің емес, жаһанда- 
нудың жемісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет