А Д А М ЗА ТТЫ Б ІР ІК ТІР У
жүйеде (ғаламшар халықаралық қүқық мойындаған мемлекеттерге
бөлінген), бірегей экономикалық жүйеде (капиталистік нарық Жер ша-
рының ең шалғай түкпірлеріне дейін жетті), бірегей құқықтық жүйеде
(адам қүқықтары теория жүзінде болса да жаппай мойындалады) біре-
гей ғылыми жүйеде (Иран, Израиль, Австралия мен Аргентина галым-
дары атом құрылысы мен өкпе ауруын емдеу туралы бір пікірде) өмір
сүреді.
Осынау бүкіләлемдік бірегей мәдениет аса біртекті емес. Біртұтас
организмдегі әртүрлі ағзаларды және жасушалар түрін бөліп қарауға
болатыны сияқты бүкіләлемдік бірегей мәдениет те әр алуан халықтар
мен салт-санадан түрады - мүнда нью-йорктік маклер де, ауған мал-
шысы да жүр. Бірақосы топтардың барлығын бір-бірімен тығыз байла-
ныстырып, өзара ықпал түрлерінің бәрін бақылап, көз қырында үстап
отыру әсте мүмкін емес. Олар бұрынғысынша ұрсысады. Тіпті кейде
соғысып қалады, дауласқан кезде сол баяғы бір дәйекті алға тартады,
ал соғысқан кезде бірдей қаруды қолға ұстайды. Шынайы «өркениет-
тер қақтығысы» бірін-бірі түсінбейтін саңыраулардың диалогына үқсап
бара жатыр. Қазір жанжалдасқан Иран мен Құрама Штаттар ұлттық
мемлекеттердің, капиталиста зкономиканың, халықаралық қүқық пен
ядролық физиканың бір-біріне түсінікті тілінде сөйлеседі.
З-карта. 1450 жылғы карта. Мұсылман жиһанкезі Ибн Баттута XIV ғасырда аралап
үлгерген Афроазия кеңістігіндегі жерлер. Танжерден (Марокко) шыққан бұл саяхатшы
Тимбуктуды, Занзибарды, Ресейдіңоңтустігін, Орталық Азияны, Үндістанды,
Қытайды шарлап шыққан. Оның саяхат маршруты жаңа заман қарсаңындағы
афроазиялық әлем ішіндегі байланысты бәйнелейді.
Біз әлі «аутентикалық» (түпнұсқалық) мәдениеттер туралы талқы-
лауды жалғастырып келеміз, ал «аутентикалық» ұғымын тәуелсіз даму
нәтижесі, сыртқы әсерлерге ұшырамаған жергілікті көне дәстүрлер
Б * * » Р т
4
*
бейжің
4
М Е З О А М Е Р И К А
Ь а г д а т
Достарыңызбен бөлісу: