&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


рінің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, тасманиялықтар сол қалпында



Pdf көрінісі
бет176/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

рінің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, тасманиялықтар сол қалпында
Юпитер айларының бірінде орналасқандай бөтен еді. Олар өзге, өз
әлемінде өмір сүрді.
Еуропа мен Америка да тарихтың ұзақ бөлігінде бір-бірінен оқшау
өмір сүрді. Б.з. 378 жылы Рим императоры Валент Адрианополь жанын-
да готтармен шайқаста қаза тауып, әскері жеңілді. Тап сол жылы Тео-
тиуакан армиясы Тикаль билеушісі Чак-Ток-Ичактың (Chak Ток Ich’aak)
өзін өлтіріп, әскерлерін тас-талқан етті (Тикаль - майялардың мемлекет-
149


ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
қаласы, ал Теотиуакан сол кезде 250 мың тұрғыны бар - Римнен көлемі 
кіші болғанымен, әлеуеті бірдей, Америкадағы ірі қала еді). Римнің же- 
ңілісі мен Теотиуаканның мерейі үстем шығуының арасында ешқандай 
байланыс болған жоқ. Тап осындай беймағлұм қалпында Рим - Марста, 
ал қос Америка - Шолпанда орналасса да болар еді.
Жер бетінде қаншама әртүрлі әлем болды? Б.з.д. 10 мыңыншы 
жылдары олардың саны бірнеше мыңға жетті. Б.з.д. 2000 жылдарға 
таман әр алуан әлемнің саны бірнеше жүзге қысқарып, көп дегенде 
бір-екі мыңнан аспады. 1450 жылға таман бүрынғыдан да едәуір ке- 
міді. Осы сәтте, еуропалық отарлау қарсаңында, жер бетінде Тасма­
ния сияқты оқшауланған кішкене әлемдер әлі де бар еді. Ал адам- 
дардың 90%-ға жуығы бірегей мегакеңістікте, афроазиялық әлемде 
өмір сүрді. Азия мен Еуропаның даңғайыр кеңістігі және Африканың 
едәуір бөлігі, соның ішінде Сахараның оңтүстігіндегі кей аумақтар 
енді нақты мәдени, саяси және экономикалық байланыстармен қо- 
сылып жатты.
Жер шары тұрғындарының қалған 10%-ын қайтеміз? Оның негізгі 
бөлігі әжептәуір үлкен әрі күрделі төрт топқа бөлінді:
1) Орталық Американың негізгі және Солтүстік Американың бір- 
сыпыра бөлігін қамтитын мезоамерикалық топ;
2) Оңтүстік Американың батыс бөлігін қамтитын андтық топ;
3) шекарасы Австралия құрлығының шекарасына сәйкесетін авс- 
тралиялық топ;
4) Тынық мұхиттың оңтүстік-батысындағы аралдардың басым бө- 
лігін, Гавайидан Жаңа Зеландияға дейінгі кеңістікті біріктіретін 
Мұхит аралдары әлемі.
Келесі 300 жылда қалған әлемнің бәрін алып Афроазия жұтып 
алды. 1521 жылы испандықтар ацтектер империясын жеңген кезде 
мезоамерикалық әлемді басып алды. Сол кезде Мұхит аралдарының 
да бір кесегі тістегеннің аузында кетті - Фердинанд Магеллан Жер 
шарын шыр айнала шарлау кезінде көптеген аралдарға жол ашты -
бұл әлемді игеруге көп уақыт кеткен жоқ. 1532 жылы, конкситадорлар 
Инктер империясын күйреткен кезде Анд өркениеті қүрдымға қулады. 
Австралия жағалауына еуропалықтар 1606 жылы аяқ басып, 1788 жыл ы 
ағылшын отаршылдығы күшіне мінді де, жергілікті халықтың алғашқы 
қауымдық әлемі жойылды. Он бес жыл өткен соң ілкімді британдықтар 
Тасманияға алғашқы қоныс-жайларын салып, автономды әлемдегі 
ең соңғы осынау оқшау нүктені афроазиялық мәдениеттің ықпал ету 
аясына енгізіп жіберді.
Жұтқанының бәрін қорыту үшін афроазиялық алыпқа бірнеше жүз- 
жылдықтар қажет болды. Енді бірігу үдерісін ешкім тоқтата алмайтын 
еді. Қазіргі кезде жер жүзіндегі адамдардың барлығы бірегей геосаяси


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет