ҮШ ІНШ І БӨЛІМ
саясаттың негізгі мақсаты бүкіл адамзат қауымының құқықтарын жақтап,
мүдделерін қорғауға тиіс деген қорытындыға келе жатыр. Мүндай жағдай-
да бақандай 200 үлттық мемлекеттің болуы - жәрдем емес, кедергі жасай-
ды. Шведтер, индонезиялықтар мен нигериялықтар енді теңқүқылы болса,
біртүтас әлемдік үкіметке оларды қорғау оңтайлы емес пе?
Полярлық мүздықтардың еруі сияқты жаһандық мәселелер де же-
келеген үлттық мемлекеттердің өмір сүру заңдылығына күмән келтіре-
ді. Бірде-бір егемен мемлекет өз бетінше жаһандық жылынуды тоқтата
алмайды. Қытайдың «Аслан мандаты» императорға бүкіладамзаттық
осындай мәселелерді шешу үшін берілген ғой. Енді әлдекімге аспанның
мәселесін шешу: озон қабатындағы тесікті бітеп, жылыну әсерінің зар-
даптарын жою үшін «Адамзат мандатын» берді. Рәміздік бояуы ретінде
бүкіләлемдік империя жасыл түсті таңдауы әбден мүмкін.
2014 жылға дейін әлем саяси тұрғыдан әлі бытыраңқы еді, бірақ үлт-
тық мемлекеттердің шынайы автономиясы шапшаң қысқара түсті. Бірде-
бір ел тәуелсіз экономикалық саясат жүргізіп, өз қалауына орай соғыс
жариялап, шабуыл жасауға қауқарлы емес, тіпті ішкі саясатын да толығы-
мен өз бетінше жүргізе алмайды. Мемлекеттер жаһандық нарықтардың,
халықаралық корпорациялар мен коммерциялық емес ұйымдардың ық-
палына көбірек түсе бастады. Халықаралық қоғамдық пікір мен көпшілік
мойындаған сот жүйесінің ықпалы да арта түсті. Мемлекеттер қаржылық
қарым-қатынастың, экологиялық саясат пен әділ соттың әлемдік стан-
дарттарымен санасуға мәжбүр. Капиталдың, еңбек ресурстары мен ақ-
параттың арынды ағыны әлемді шарлап, оның келбетін өзгертуде. Шека-
ралардың мәні мен жекелеген мемлекеттердің үстанымы кеміп барады.
Бүкіләлемдік империя көз алдымызда құрылуда, оны жекелеген
мемлекет немесе этникалық топ басқармайды, соңғы сатылы кезеңдегі
Рим империясы тәрізді, сірә, жаңа әлем көпүлтты элитаға бағынышты
болып, оны ортақ мәдениет пен ортақ мүдделер жұдырықтай жүмыл-
дыратын сияқты. Бүл империя, негізінен, кәсіпкерлерді, инженерлерді,
мамандарды, ғалымдарды, заңгерлер мен менеджерлерді шақырады.
Шақырғанға бару керек пе, әлде өз халқы мен мемлекетіне адалдықтан
айнымай, ат тонын ала қашу керек пе, оны әркім өзі шешеді. Жұрт көбі-
несе империяны таңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: