&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


А Д А М З А Т Т Ы Б ІРІКТІРУ



Pdf көрінісі
бет215/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

184


А Д А М З А Т Т Ы Б ІРІКТІРУ
12-тарау
Сенім заңы
Орта Азиядағы шөл даланың шұратындағы қала - ортағасырлық 
Самарқандта Сирия саудагерлері үлбіреген қытай жібегін талапайлап, 
ызбарлы дала көшпенділері Батыстың түкпірінен қолға түсірген сары 
шашты құлдарды саудаға салып, дүкеншілер түсініксіз жазулар мен 
беймәлім билеушінің бейнесі бедерленген жылтырақ алтын ділдалар- 
ға қалтасын толтырып бақты. Мүнда, Шығыс пен Батыстың, Солтүс- 
тік пен Оңтүстіктің басты қиылыстарының бірінде, адамзаттың бірігуі 
көрнекі түрде әрі күн сайын көзге түсіп түрды. Осы үрдісті 1281 жылы 
Құбылай ханның әскері Жапонияға басып кірген кезде де байқауға бо- 
латын еді. Күдеріден тіккен киімдерін аң терісімен көмкерген моңғол 
салт аттылары бамбук қалпақты қытай шеріктерінің арасымен желіп 
барады, көмекші сарбаздар сапындағы мае кәрістер терісіне сурет 
піскілеген теңізшілермен - Оңтүстік Қытай теңізінің қарақшыларымен 
жағаласса, Орта Азиядан шыққан маман Еуропа жанкештілерінің бөсе 
мақтанған әңгімелерін аузын аша тыңдап отыр. Бұлардың барлығы да 
бір қолбасшының бүйрығына бағынатын еді.
Дәл осы кезде Меккеде, қасиетті Қағба төңірегінде адамзат басқа 
жолмен бірікті. 1300 жылы қажылық сапармен Меккеге барып, ең басты 
мүсылмандық қасиет тірегін айналып шығу рәсімін жасап жүрсеңіз, нөпір 
ішінен ихрам киімдері желбіреп, ғибадат әсерінен көздері оттай жанып, 
Алла тағаланың 99 атын бірінен соң бірін айта, еріндері жыбырлаған бір 
топ - Месопотамиядан жеткен қажыларды көрер едіңіз. Ал анау түста, 
алдыңғы лекте күнге қақталып, қайыстай иленген Азия даласының түр- 
кітілдес түрғыны асатаяғын таянып, ойға шома сақалын сипаған күйі 
аяңдап барады. Оц жақта көмірдей қап-қара денеде алтын әшекейлер 
жылтылдайды; бүлар - африкалық Мали патшалығынан келген мүсыл- 
мандар. Қалампырдың, қүрқұрманың, кардамон мен теңіз тұзының хош 
иісі топ ішінде Үндістаннан, бәлкім, Шығыстың шалғайындағы әлдебір 
жұмбақ аралдардан жеткен жамағаттың барын айғақтайды.
Бүл күндері дін көбіне-көп нәсілдік кемсітудің, араздық пен 
кикілжіңніңсебебінеайналыпотыр. Албастапқыдаол ақшамен империя 
сияқты, адамдарды біріктіруге қызмет етті. Кез келген әлеуметтік 
қүрылыс, кез келген иерархия қиялға тамыр байлайтындықтан, осал 
әрі нәзік болады. Қоғам өскен сайын олар әлсізденіп, осалдана түседі. 
Діннің тарихи рөлі құдіреті шексіз Жаратушы Иенің беделімен осынау 
нәзік құрылымды ізгілендіру еді. Діни уағыздар - низам атаулы адамның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет