&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет217/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Тағдырға мойынсұну
Ежелгі аңшылар мен терімшілердің анимистер болғанын, яғни дү- 
ниені тек адамдар ғана емес, басқа да тіршілік иелері - жануарлар, 
өсімдіктер, перілер мен елестер мекендейтініне сенгендерін қанша- 
лықты міней аламыз? Адами қүндылықтар мен нормалар жүйесі де
186


А Д А М З А ТТ Ы Б ІР ІКТІР У
осынау тіршілік иелерінің мүдделерін қаперге алды. Мысалы, Ганг ала- 
бындағы терімшілер тобы мынандай ереже орнықтырды: анау тұрған 
бұтақты тут ағашын кесуге болмайды, әйтпесе аруақтар назаланып, 
жазаға тартқызады-мыс. Ал Инд алабындағы басқа терімшілер тобы 
өзгеше тыйым салды: аққуйрықты түлкіні аулауға болмайды, себебі 
бір кезде бұл түлкі сәуегей кемпірге аса қүнды обсидианды қайдан та- 
будың құпиясын ашыпты.
Бұл діни түсініктер өте тар ауқымды әрі жергілікті сипатта қалыпта- 
сып, сол өңірдің ландшафтына, климатына, табиғаттың көзтаныс қүбы- 
лыстарына орайласа өрбіді. Әдетте терімшілер бірнеше мың шаршы 
шақырымнан аспайтын жер аумағында өмір сүрді. Күнелтіп, тіршілік 
ету үшін әр алаптың түрғындары өз мекенінде үстемдік ететін адами 
өреден биік тәртіпті белгілеп алып, мінез-қүлықтарын соған бейімдеу- 
ге тиіс болды. Сол ережелерді басқа алапты мекендеушілерге таңу 
босәурешілік еді. Инд жағалауынан Ганг алабына жергілікті түрғын- 
дарды аққүйрықты түлкіні алуға көндіру үшін миссионерлер жіберген 
жоқ.
Аграрлық революцияға, сірә, діни революция қабаттаса жүрген 
сияқты. Аңшы-терімшілер жануарлардың өмірін қиды, бірақ оларды 
Homo
sap/ens-пөн тең санады. Қойды өлтіру дерегіне бола адам одан 
биік тұр деген түсінік тумайды. Жолбарыс адамды өлтірсе, адам жол ба- 
рыспен салыстырғанда төменгі сатыда тұр деген мағынаны білдірмей- 
ді ғой. Тіршілік иелерінің барлығы бір-бірімен тікелей араласып-қүра- 
ласты да, баршаға арналған бірегей экожүйеде өмір сүрудің ережесін 
қалыптастырды. Малшылар мен егіншілер, керісінше, жануарлар мен 
өсімдіктерді өзіне бағындырып, оларды басқарды, содан өзінің мен- 
шігімен тең дәрежеде араласа алмай қалды. Демек, аграрлық рево- 
люцияның алғашқы діни салдары жануарлар мен өсімдіктерді рухани 
туыстан мылқау еңбек қүралына айналдыру болды.
Бірақ бүдан маңызды мәселе туындады. Малшылар қойына толық- 
тай бақылау орнатуға қарсы болмас еді, алайда тәжірибе басқа нәрсе- 
ге - бүлардың билігі шектеулі екеніне көз жеткізді. Олар жануарларды 
қораға қамап, қошқарларды піштірді, саулықтардың санын арттырды, 
бірақ олардың буазданып сау қозы туатынына, малдың өлім-жітімге 
үшырамайтынына кепілдік бере алмады. Отарды қалай аман сақтап, 
өсімін арттыруға болады?
Содан шаруалардың көпшілігі өзінен жоғары тұрғандарға - қүді- 
ретті күшті қүдайларға жалбарынудан жауабын іздеді. Қүнарлылық 
қүдайы, Аслан тәңірі мен Ем дарытушы қүдай адамдардың және мыл- 
қау өсімдіктер мен жануарлар арасындағы делдалдар рөлін атқар- 
ды. Шындығына келгенде, ежелгі мифология дегеніміздің өзі - келі- 
сімшарт. Адамдар қүдайларды мәңгілік қүрметтеуді міндетіне алып, 
соның өтеміне өсімдіктер мен жануарларға үстемдік ету мүмкіндігін 
иеленеді. «Болмыс кітабының» алғашқы тарауы - осы хақында. Аграр-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет