Политеизм тек монотеистік емес, сондай-ақ дуалистік дінді де туындатты. Дуализм екі қарама-қарсы күштің - ізгілік пен жауыздық- тың барын мойындайды, Монотеизмнен айырмашылығы, дуализм жауыздықты жеке күш есебінде сипаттайды. Оны мейірімді қүдай жа- ратпаған. Жауыздық ізгілікке бағынбайды. Ғалам осы екі күштің теке- тірес аймағы, әлемде болып жатқан қүбылыстың барлығы жауыздық пен ізгіліктің күресі. Дуализм аса тартымды дүниетаным болып шықты, өйткені ол аты- шулы жауыздық мәселесіне, адамзатты толғандырған: «Қиянат қай- дан шығады? Бейнет неден пайда болады? Неліктен жақсы адамдар жапа шегіп, бақытсыздыққа ұшырайды?» деген түйінді сауалдарға қа- тысты қарапайым да нанымды жауап береді. Ал бәрін білетін, бәріне қүдіреті жететін шарапатты Құдай соншама жауыздық пен азапқа не- ліктен жол беретінін түсіндіру үшін монотеисшілдерге біршама күрделі 194
А Д А М З А ТТ Ы Б ІР ІК ТІР У интеллектуалдық эквилибристика қажет. Ең жақсысы, түсіндірме ре- тінде еркін қалау тұжырымдамасы түзілді. Жауыздық болмаса, адам баласы адамгершілікті таңдамас еді, соның салдарынан қалау еркін- дігін де иелене алмас еді. Бірақ мұндай жауап бұлыңғырлау әрі тағы ондаған жаңа сұрақты туындатады. Мәселен, қалау еркіндігі жауыз- дықты таңдауға жол ашады. Адамдар жауыздықты таңдайды да, одан әрі монотеисшілдік жүйеде әдетте көктің жазасы келеді. Ал Құдай та- ғала нақты адамның қалау еркіндігін жауыздыққа пайдаланып, тозақ- тың мәңгілік азабына түсетінін алдын ала білсе, ол әлгі сорлыны не үшін жаратты? Діндар ғұламалар осы сұраққа жауап іздеп, талай том кітап жазды. Бірі жауаптарды - нанымды, келесілері сенімсіз санайды.