А Д А М З А Т Т Ы Б ІРІКТІРУ
XVI және XVII ғасырларда Еуропаны қаңыратып, қанға бөктірген
католиктер мен протестанттар арасындағы діни соғыстар жарасы жа-
зылмай келеді. Жауласушы екі тарап та Исаның құдайы құдіретін және
мейірім мен махаббатқа толы Інжілін мойындады. Алайда осынау ма-
хаббаттың сипаты жөнінде олардың пікірлері екі айырылды. Протес
танттар «құдайдың шапағатының шексіздігі - Құдай адамға айналып,
өз тәнін қорлық пен жазаға қиды, осылайша тұңғыш жасалған күнәні
өтеп, Исаның қудіретіне сенетіндердің баршасының алдына жумақтың
қақпасын ашып қойды» деп есептеді. Католиктер «діни сенім қажет,
бірақ оның өзі жеткіліксіз: жұмаққа жол табу үшін христиан шіркеудің
рәсім-жоралғыларына қатысып, ізгілікті іс атқаруға тиіс» деді. Протес
танттар католиктердің тұжырымын теріске шығарып, бұл Қүдайдың
улылығы мен оған сүйіспеншілік сезімге қаяу түсіреді деген пікірден
танбады: адам өлгеннен кейінгі нәсібі тірліктегі ізгі амалына байла-
нысты деп ойласа, ол жеке басының қадір-қасиетін арттырады да,
крестке керілген Исаның азабын місе тутпай, Құдайдың адамзат қауы-
мына тигізген шапағатын кемсітетінін айтты.
Осы діни дау-дамай ушыға келе, XVI және XVII ғасырларда като
ликтер мен протестанттар бір-бірін он, жүз мыңдап қырып тастады.
1572 жылдың 23 тамызында қайырымды істерді улықтайтын француз
католиктері Қудайдың адамзат баласына сүйіспеншілігіне үлкен мән
беретін француз протестанттарына шабуыл жасады. «Варфоломей
түні» деген атпен жадта қалған осынау тәулік бойғы қанды қасапта 5-10
мың протестант ажал құшты. Бұл жаңалықты естіген Рим папасының
қуанышы қойнына сыймай, мерекелік ғибадат тағайындап, Джорджо
Вазаридің қантөгіс көрінісін мәңгіге есте қалдырарлық фреска жасауы-
на тапсырыс берді (қазіргі кезде Ватиканның бул бөлмесінің есігі ке-
лушілер үшін жабық түр)2. 24 сағат ішінде, басқа конфессияның емес,
христиандардың қолынан христиандар, Рим империясындағы қуғын-
сүргіннің бүкіл тарихындағы қурбандықтардан да көп адам қаза тапты.
Жалғыз Қудай
Уақыт өткен сайын политеизмнің кейбір жақтаушылары өздері-
нің жекелеген құдайларын құлай сүйіп, көпқудайлықтың негізінен
тайқи бастады. Олар өз құдайлары - жалғыз екеніне, сол ғана ға-
ламның құдіреті жоғарғы күші екеніне сенетін болды. Оның үстіне,
сол құдай өзіне тән қумарлықтары мен мүдделерін ұмытқан жоқ,
демек, онымен келісімге келуге әбден болады деп пайымдады.
Осылай монотеистік діндер дүниеге келіп, оның жолына түскендер
лотереядан ұтысқа шығару, ауру-сырқаттан сауықтыру немесе со-
ғыста жеңу туралы өтініштерін ғаламның құдіреті жоғары күшінен
жалбарынып сұрауға көшті.
Достарыңызбен бөлісу: