&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


түйіні қиын, күрмеуі күрделі мәселеге айналды. Ізгі құдай патша-



Pdf көрінісі
бет229/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

түйіні қиын, күрмеуі күрделі мәселеге айналды. Ізгі құдай патша-
лығы саналатын жұмақ пен оның жауыз «егізі» басқаратын тозақ-
қа сену де дуалистік пайымнан шыққан еді. «Көне өсиетте» мүндай
ұғымдардың да, сондай-ақ тәні өлгеннен кейін адамның жаны өмір
сүре беретіні туралы түжырымның да ізі жоқ.
Шын мәнінде, монотеизм монотеисшілдік, дуалистік, политеисшіл-
дік және анимистік сенімдердің ала-кұла қоспасы ретінде жалғыз құ-
дай ұранымен қалыптасты. Діндерді зерттеушілер қарама-қайшы, тіпті
бір-бірін теріске шығаратын идеяларды, әртүрлі мәдениеттерді, рәсім-
дер мен рухани тәжірибелердің үйлесімін «синкретизм» деп атайды.
Бәлкім, тал осы синкретизм әлемдегі жалғыз әрі ұлы дін болып қала-
тын шығар.
Табиғат заңы
Осыған дейін әңгіме қылған діндердің барлығына ортақ бір ерек-
шелік бар: ол - құдайларға және басқа да тылсым күштерге, табиғат-
тан тысқары тіршілік иелеріне сену. Монотеисшіл және политеисшіл
діндерге бой үйретіп, ой толғаған Батыс тұрғынына бұл өздігінен түсі-
нікті, шындығын айтсақ, діндердің тарихы құдайлардың тағдырына ба-
рып тіреле бермейді. Б.з.д. бірінші мыңжылдықта Афроазия кеңістігін-
де мүлде басқаша бағыттағы діни ағымдар: Үндістанда джайнизм мен
буддизм, Қытайда даосизм мен Конфуций ілімі, Жерорта теңізі ала-
бында стоицизм, кинизм, эпикурейлік тарала бастады. Бұл ілімдердің
бәрі құдайды айналып өтті.
Бұл діндер әлемді басқарушы адамнан жоғары тұрған тәртіп құ-
дайдың ырқымен немесе қалауымен емес, табиғат заңымен қалыптас-
қанына сендірді. Осы «табиғи» діндердің кейбіреулері құдайлардың
бар екенін теріске шығарған емес, бірақ олар адамдармен, жануар-
лармен және өсімдіктермен қатар тұрып, табиғат заңдарына бағынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет