&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


лерді байқап көрді, бірақ олардың ешқайсысы оның жанын бұғаудан



Pdf көрінісі
бет231/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

лерді байқап көрді, бірақ олардың ешқайсысы оның жанын бұғаудан
босата алмады, әрдайым көңілінде қанағаттанбау табы қалып қой-
ды. Гаутама алған бетінен қайтпады. Ол өз бетінше азаптың табиға-
тына бойлай еніп, толықтай азаттық алатын, күйзелістен арылатын
жолды табуға бел буды. Адами бейнеттің мәні, себептері мен одан
арылу амалдары туралы медитация жасады. Соның нәтижесінде ол
азапты туындататын жазмыш әлеуметтік әділетсіздік пен құдайлар-
дың қитұрқысы емес деген қорытынды түйді. Азап атаулының себеп-
шісі алаң көңіл екен.
Гаутама адамның кез келген тәжірибеге жаңа тілекпен жауап бе-
ретінін, ал тілек атаулы қанағаттанбау сезімін туындататынын тапты.
Сезім жайлы болса, сана соны тағы тілейді. Ол ләззаттың толас тап-
пай, еселене беруін талап етеді. Әлдене ұнамаса, сана одан, өзінің
тынышын алған нәрседен құтылуға тырысады. Ақырында, сана ешқа-
шан қанағат таппай, үнемі мазасыздана береді. Бұл айдан анықжайт,
біз әлдебір жайсыздықты, мысалы, ауру-сырқауды бастан өткерген
шақта әбден айыққанша мазасызданып, одан құтылудың түрлі жолын
іздестіріп бағамыз. Алайда ләззат та бізге тыныштық бермейді, әлгі
рақат әне-міне түгесіліп қала ма деп қорқамыз немесе үлкен нәрсе-
лер туралы армандаймыз. Адамдар талай жыл махаббатын іздейді,
ал тапқан кезде көбі көл-көсір қуана алмайды: біреулері сол бойда
бұл күйдің өтпелілігінен қауіптенеді, ал басқалары, керісінше, талға-
мы төмендеп кеткенін, таңдай берсе бұдан да тәуірін табатынын ой-
лап, күйінеді. Тіпті осы екі жайтті қатар ойлап, сарыуайымға түсетін-
дер де жетерлік.
198


А Д А М З А Т Т Ы Б ІРІКТІРУ

Буддизм таралган аймақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет