ҮШ ІНШ І БӨЛІМ
осында: он сегіз мыңғалам құдіреті күшті мүдделер мен қүмарлық атау-
лыдан ада. Ендеше, мына біз өзіміздің пендауи
мәселелерімізді шешу
үшін жәрдем керек болса, бағынышты әрі құмарлықтан қашпайтын күш-
терге жүгінуіміз керек. Мүндай кішкентай күштер толып жатыр: жоғарғы
принциптің бәрін қамтитын билігінің нақты міндеттерін сәйкесті түрде
бөліп-жіктей бастасақ, қисапсыз қүдай лайда болады. «Политеизм» де-
геніміз, міне, осы.
Политеизмнің мән-маңызы аса берік діни тағаттылықтың қалып-
тасуына ықпал етеді. Көпқұдайшылар жоғары әрі әділетті күштермен
қатар, кейбір әрі қүмарпаз құдіреттердің бірталайына сенетіндіктен,
бір құдайға сыйынушылар басқа құдайлардың бар екеніне әрі қүдірет-
тілігіне шәк келтірмейді. Өз болмысы жағынан политеизм - «күпірлер»
мен «кәпірлерді» қудаламайтын ашық тұрпаттағы дін.
Тіпті политеисшілерге даңғайыр империяны
жаулап алудың сәті
түскен кезде де, қол астындағы тұрғындарды өз нанымына тартуға ты-
рысқан емес. Мысырлықтар, римдіктер мен ацтектер Осирис,
Юпитер
әлде Уицилопочтли дінін тарату үшін алыс елдерге миссионерлер ат-
тандырып, сол үшін әскер жасақтаған жоқ. Бағынышты халықтардан
олар өз құдайлары мен діни рәсімдерін сыйлауды ғана талап етті, өйт-
кені олар империяның заңдылығын паш ететін еді.
Сөйте тұра, жергі-
лікті құдайлар мен әдет-ғұрыптан бас тартуға ешкімді мәжбүрлемеді.
Ацтектер патшалығында бағынышты халықтар Уицилопочтлиге ғиба-
датхана
салуға міндетті болды, әйтсе де бүл храм жергілікті құдай-
лар мекенінің орнына емес, жанына салынды.
Империялық элитаның
өзі бүкіл рәсім-жоралғысымен бөгде жүрттың құдайларын қабыл алу
оқиғалары да аз емес. Мәселен, римдіктер өз пантеондарына азиялық
құдай Кибела мен мысырлық Изиданы қуана қойды.
Римдіктер бір ғана құдірет иесін: христиан қүдайлары - монотеис-
шілер мен миссионерлерді мойындағылары келмеді.
Рим империясы
христиандарды өз нанымдары мен рәсім-жоралғыларынан бас тарту-
ға мәжбүрлеген емес, тек олардың империяның қамқоршы-қүдайлары
мен император ағзамға құрмет көрсетуін ғана талап етті. Мүның өзі
саяси ниеттестікпен парапар саналды. Христиандар бағынудан бас
тартып, кез келген келісімнің бетін қайтара берген кезде мүндай «бүл-
діргіш сектаны» қуғындауға кірісті. Бірақ мұны тым құлықсыз істеді.
Исаны крестке керген кезден бастап император
Константин христиан-
дықты мемлекеттік дін ретінде жариялағанға дейінгі 300 жыл ішінде
христиандар бар болтаны терт рет қуғын-сүргінге ұшырады. Кейде тіпті
бұған жергілікті билеушілер
мен әкімшілік бастамашы болды, әйтсе де
үш ғасырдағы бүкіл христиандыққа қарсы науқан құрбандарының са-
нын есептесек, политеист-римдіктер бірнеше мыңхристианды өлтірген
болып шығады1. Салыстыру үшін: келесі 1500 жылда христиандар сү-
йіспеншілік пен мейірімділік дінін бірыңғай қалыппен дұрыс тәпсірлеуді
талап етіп, миллиондаған басқа христиандарды қырып тастады.
Достарыңызбен бөлісу: