&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ніп, енді бірі гректерге жанашырлық пейілін білдіріп, бір-біріне кесел



Pdf көрінісі
бет350/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ніп, енді бірі гректерге жанашырлық пейілін білдіріп, бір-біріне кесел
келтірмейтін болғандықтан, облигацияларды сатып алды. Элладада-
ғы шайқастың табысқа жетуі мен сәтсіздікке ұшырауына байланысты
көтеріліс облигацияларының бағасы біресе өсіп, біресе түсіп отырды.
Ақырында, түріктер басым түсті. Көтерілісшілердің жеңілуі, облигация
ұстаушылардың тақырға отыруы қашып құтыла алмайтын шындыққа
айнала бастады. Мемлекет акционерлердің мүдделерін қызғыштай
қоритындықтан, ағылшындар халықаралық флот жасақтады да, 1827
жылғы Наварин мүйісіндегі шайқаста түріктердің ең негізгі теңіз күш-
терін су түбіне жіберді. Санғасырлық езгіден соң Грекия, ақырында,
бостандыққа жетті. Бірақ аңсарлы азаттыққа қоса, ол қыруар қарыз да
алды, оны өтеуге жаңадан құрылған елдің еш мүмкіндігі жоқ еді. Грекия
экономикасы бірнеше ондаған жылдар бойы Британ несиегерлерінің
басыбайлы боданы болды.
Капиталдың саясатпен соншалықты қойындасуы несие нарығын
тым алысқа әкетті. Экономикадағы несие көлеміне тек таза экономи-
калық факторлар, жаңа мұнай кен орындарының ашылуы немесе соны
тетіктердің ойлап табылуы ғана емес, сондай-ақ саясат та, әлдеқан-
дай халықаралық оқиғаларға байланысты билік режимдерінің ауысуы
да әсерін тигізеді: Наварин шығанағындағы ұрыстан кейін ағылшын
капиталистері елден тысқары, теңіздің ар жағындағы дүдәмал айла-
шарғыларға ақшаларын сала бастады. Шетелдік борышкер қарызын
қайтарудан тайсақтаса, үлы мәртебелі ағзамның армиясы оны өсімпұ-
лына дейін өндіріп береді.
Міне, бүгінде елдің экономикалық молшылыққа кенелуі үшін та-
биғи ресурстардан гөрі несиелік рейтингтің маңызды болатын себе-
бі - осы. Ол кез келген елдің қарыздарды қандай ықтималдықпен өтей
алатынын көрсетеді. Рейтинг тек қана экономикалық деректерді емес,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет