елеулі ұлттардың бұл күнге аман-сау жеткендерінің өзі саусақпен са-
нарлықтай ғой. Қазір тіршілік етуші халықтардың түгелге жуығы тек
индустриялық революциядан кейін қалыптасты.
Таяу Шығыс бізге бірнеше дәлелді мысал тауып бере алады.
Сирия, Ливан, Иордания мен Ирактағы ұлттар - жергілікті тарихты,
география мен экономиканы есепке алмаған француз және ағылшын
дипломаттарының көзбен мөлшерлеп, құмға шекара сыза салған
шалағайлығының жемісі. 1918 жылы бұл дипломаттар Күрдістанның,
Бағдат пен Басраның тұрғындары бұдан былай «ирактықтар» бола-
ды деп шешті. Дәл сол француздар кімнің сириялық, кімнің ливандық
болатынын тұңғыш рет белгіледі. Кейін Саддам Хусейн мен Хафез
әл-Асари бар күштерін салып, ағылшындар мен француздар қолдан
жасаған азаматтарды үлттық бірегейлікке жеткізуге жанталасты. Бірақ
олардың ежелден келе жатқан Ирак немесе Сирия миллаты жөніндегі
жалынды сөздері мен асқан уәждері ешкімнің көкейіне қона қоймады.
Жоқ, әрине, ешкім жоқтан бар жасап, ұлт қүрай алмайды. Ирак не
месе Сирия ұлтын қүрастыруға білек түре кірісушілер нақты тарихи,
географиялық және мәдени материалдарды, тіпті кейдежүз, мыңжыл
бұрынғы деректерді іске қосты. Саддам Хусейн Аббасидтер халифаты
мен Бабыл империясының мұраларын иемденіп, тіпті әскери бөлімше-
лерінің біріне «Хаммурапи дивизиясы» деген ат берді. Бірақ бұл «ирак
халқының» тамырын тереңдете қоймайды - екі жыл сақталған ұн, май
мен қанттың қоспасынан бәліш пісірсем, ол екіжылдық тағам бола ал
майды ғой.
Соңғы онжылдықтарда үлттық қауымдастықтарды тұтынушылар
тобы тықсырып, ығыстыра бастады: осы қиял туындатқан қауымның
бір-бірін танымайтын екі мүшесінің тұтыну толғамдары мен үйреншікті
әдеттері өте ұқсас болады, содан олар өздерін бір бүтін нәрсенің ажы-
Достарыңызбен бөлісу: |