ағылшындардың колониялардан кетуі - тәртіп пен бейбітшілік сал- тын құрметтеудің үлгісі іспетті. Француз империясы қырсық, бірбеткей болып шықты. Оның құлауы Вьетнам мен Алжирдегі қансоқпа шегіне ұрысу шайқастарына ұласып, 100 мыңдаған адамды жер жастандыр- ды. Алайда француздар отарларынан тым жылдам әрі салыстырма- лы түрде бейбіт кетіп қалды, артына астан-кестен берекесіз тірлік пен өзара тартыс емес, тіршілік етуге қабілетті мемлекеттік құрылыс қал- дырды. Соңынан, іле-шала Балқан тауларында, Кавказ бен Орта Азия тө- сінде этникалық қақтығыстар тұтана тұра, 1989 жылғы Кеңес Одағы- ның жаппай күйреуі де бейбіт аяқталған еді. Бұрын қуатты империялар соншалықты шапшаң және соншалықты тыныш күйде ешқашан жоға- лып кете салған емес. Кеңес империясы 1989жы лға дейін еш жерде, Ауғанстаннан басқа, әскери жеңіліске ұшырап көрген жоқ, сырттан баса-көктеп кіруді немесе жаппай көтерілісті, тіпті Мартин Лютер Кинг ауанындағы ауқымды азаматтық бағынбау қозғалысын да бастан өт- керген емес. Кеңес өкіметінің қолында миллиондаған солдат, он мың- даған танк пен үшақ, Жер шарын бірнеше мәрте жоқ қылып жіберуге жетерліктей ядролық қаруы болды. Армия үкіметке адал еді - Варшава келісімшартының әскерлері де оған бейілді болатын. Кеңестің соңғы билеушісі М.С. Горбачев иек қағып, бұйрық берсе болғаны, наразылық үптеген бұқараға армия оқты жаңбырша жаудырар еді. Бірақ кеңестік элита мен Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігі, Румыния мен Сербиядан басқасы, осынау жойқын күштің жүқанасын да іске қос- қылары келмеді. Олар ком м унист идеялардың банкроттығын мойын- дап, күш қолданудан бас тартты, боқшаларын жинап-теріп, үй-үйлері- не тарап кетті. Горбачев пен оның әріптестері Кеңес Одағының Екінші