&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


барысында жергілікті қауымдар жоғалды да, зорлық-зомбылық дең-



Pdf көрінісі
бет400/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

барысында жергілікті қауымдар жоғалды да, зорлық-зомбылық дең-
гейі бурынғыдан төмендей түсті. Орташа есеппен алғанда әлемде
жылына әр 100 мың адамның тоғызы қастандықпен кісі қолынан қаза
табады, қандықол қарақшының негізгі бөлігі Сомали мен Колумбия
сияқты мемлекеттік билігі осалдау елдердің үлесіне тиеді. Орталық
Еуропада орташа көрсеткіш әр 100 мың адамға небәрі 1 адам ғана қас-
тандықпен кісі қолынан көз жұмады7.
Кейде мемлекеттер билігін асыра пайдаланып, өз азаматтарын қы-
руға кіріс кен кездер есте. XX ғасырда 10 миллиондаған, тіпті 100 мил-
лиондаған адамды өз мемлекетінің қауіпсіздік күштері өлтірді. Солай
бола тұра, макроэкономикалық көзқарас бойынша, мемлекеттік сот пен
полиция дүниежүзіндегі қауіпсіздік деңгейін арттырған. Тіпті қарапайым
адам ежелгі заманға қарағанда қатаң диктаторлық режимде кісі қолы-
нан көбірек қаза тапты. 1964 жылы Бразилияда әскери төңкеріс болды.
1985 жылға дейін елді диктатура басқарды. 20жыл ішінде ол бірнеше
мыңдаған бразилиялықты о дүниеге аттандырып, біразын түрмеге қа-
мады немесе қысымға үшыратты. Бірақ сол қыспақ жылдардың өзінде
де яномамо тайпасының қатардағы мүшесімен салыстырғанда, Рио-де-
Жанейроның қатардағы тұрғынының кісі қолынан қаза табу ықтималды-
ғы әлдеқайда аз болды. Яномамо тайпасы армияның да, полицияның
да, түрменің де не екенін білместен, Амазония джунглиінің ну жынысына
жатақтаса тіршілік етеді. Антропологтардың есебі бойынша, тайпаның
әрбір үшінші мүшесі ерте ме, кеш пе, әйтеуір, жеке меншігі үшін, әйелі
немесе мәртебе-мансабы үшін шайқасқа түсіп, қаза табады екен8.
Империя зейнетке шығады
1945 жылдан кейін мемлекетшілік зорлық-зомбылық артты ма,
әлде кеміді ме деген мәселе даулы күйінде қалып келеді. Ал халықа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет