дүниежүзілік соғыста алған олжапарын ғана емес, сондай-ақ бұрынғы
патшалардың Балтық жағалауындағы, Украинадағы, Кавказ бен Орта-
лық Азиядағы жеңістерін де толассыз, тартыссыз бере салды. Горбачев
Сербия президентінің немесе Алжирдегі француздардың қылығын қай-
таласа, не боларын ойлаудың өзі қорқынышты.
3 1 8
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ Ц ИЯ
Pax atomica
Империялар орнына қүрылған тәуелсіз мемлекеттер соғысқа ұм-
тылды. Жалпы алғанда 1945 жылдан кейін ешбір мемлекет жаулап
алып, жұтып жіберу мақсатында екіншісіне енді баса-көктеп кірмей-
тін болды. Мұндай жаулап алу деректері есте жоқ ескі заманнан бергі
тарихтың негізгі сюжетін құраған еді. ¥лы империялардың құрылу та-
рихы өзгеріссіз қаларына патшалар да халық та сенген еді. Алайда
римдіктер, моңғолдар, османдардың жаулап алу соғыстары бүгінгі күні
еш нәтиже әкелмейді. 1945 жылдан кейін Б¥¥ мойындаған бірде-бір
тәуелсіз мемлекет карта бетінен жоғалған емес. Иә, әлі де ара-тұра
кейбір жерлерде соғыс өрті бұрқ ете қалып, миллиондаған адам со-
ғыста жан тапсырып жатады. Бірақ соғыс қалыпты жағдайға айналған
емес.
Жұрттың біразы халықаралық соғыстар тек бақуатты Батыс демок-
ратияларының арасында ғана тоқталды деп ойлайды, шын мәнінде,
бейбіт тұрмыс әлемнің басқа бөліктерінен гөрі, Еуропаға кештеу келді.
Оңтүстік Америкадағы соңғы ірі соғыс 1941 жылы Перу мен Эквадордың
жене 1932-1935 жылдары Боливия мен Парагвайдың арасында бол
тан қақтығыс еді. Бұған дейін Оңтүстік Америкадағы үлкен сотые 187 9 -
1884 жылдары өтті: Чили - Боливия мен Перуге қарсы қару көтерді.
Араб мемлекеттері де бізге тыныштықтың үлгісі емес. Бірақ олар
Достарыңызбен бөлісу: |