&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯ



Pdf көрінісі
бет411/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

324


ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯ
Эрине, мұның бәрі болжалды мүмкіндіктер ғана - әлі күнге дейін
тарихшылар жауап бермек түгілі, мұндай сауалдарды төтесінен қою-
дан қашқақтай береді. Жарықдүниедегі барлығының оқиғалар тізбегін:
саясат пен қоғамның, экономиканың, гендерлік қарым-қатынастардың,
ауру-сырқаудың, сексуалдылықтың, тағамдардың, киімнің - бәрінің та-
рихын қарастырады, бірақ мұның бәрі адамның өзін бақытты сезінуіне
қаншалықты эсер ететінін сұрау ешкімнің ойына келмейді.
Бақыт тарихымен ешкім арнайы айналыспаса да, әрбір маманның
және маман емес адамның бұған қатысты қандай да бір бұлыңғырлау
түсінігі бар. Ауыздан түспейтін үйреншікті бір пікірге сәйкес, тарихтың
ұзын-ырғасында адамның мүмкіндігі ұдайы кеңи түсті. Ал адам мүм-
кіндіктерін әдетте бақытсыздықтан құтылып, діттегеніне жету үшін
пайдаланатындықтан, ортағасырлық бабаларымыздан өзімізді бақыт-
тырақ санауға себеп көп. Ал олар кезінде тас ғасырының терімшілері-
нен бақыттырақ өмір сүрді.
Әйтсе де тарихқа қатысты тап осындай прогрессивті көзқарас күмән
туғызады. Жаңа жорықтар, мінез-құлықтың жаңа тұрпаты мен жаңаша
дағдылары әрдайым тұрмысты түлетіп, жақсарта бермейтініне көз жет-
кізіп үлгердік. Аграрлық революция барысында адамдар ауыл шаруа-
шылығын игерген кезде олардың қоршаған ортаға өктемдігі артты, бірақ
көпшілігінің хал-ахуалы қиындай түсті. Шаруалардың аңшылар мен те-
рімшілерге қарағанда көбірек жұмыс істеулеріне тура келді, ал нәтиже-
сінде, ауру-сырқау мен езіп-қанау алдында дәрменсіздігін айтпағанда,
олар түрі тапшы, құнары аз тағамдарды өндірді. Сондай-ақ еуропалық
империялардың қанатын кеңге жаюы адамзаттың ұжымдық күш-қуатын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет