түгесілмес бақытқа кенелдік пе? Артымызға бүрылып қарасақ, когнитивті революциядан бергі жеті ғасыр немесе қарқынды мыңжылдықтар бойы өмірімізді жақсарта алдық па? Тып-тымық, тап-таза Айға табаны алғаш тиген Нил Армстронг Шове үңгірінде 30 мың жыл бұрын алақан таңбасын қалдырған есім-сойы белгісіз аңшы мен терімшіден бақыттырақ па еді? «Иә!», - деп жауап қата алмасақ, ауыл шаруашылығын дамытудың, қала- лар салудың, жазуды ойлап табудың, ділда соғудың, империя құрудың, ғы- лым мен өндірісті өркендетудің не керегі бар? Тарихшылар бүл сауалдарға көп бас қатырып жатпайды. Олар Урук немесе Бабыл тұрғындарынан өздерінің ата-бабалары бақытты- рақ болды ма деп сұрамайды. Исламды өркендеткен Мысыр тұрғын- дарының өмірге разылығы артты ма? Әлде Еуропа империяларының күйреуі Африкадағы сансыз миллион адамдарды шат-шадыман өмірге кенелтті ме екен? Бұл тарих қойған ең маңызды сауалдар ғой. Бүгінгі идеология мен саяси бағдарламалар адами бақыттың әлсіз қайнарла- рына сүйенеді. Үлтшылдар адам бақытты болу үшін саяси тағдыр ұлт- тың қолында болуға тиіс деп есептейді. Коммунистер пролетариаттың диктатурасы нағыз бақыт деп түжырымдады. Капитализм еркін нарық экономикалық өсім мен аста-төк өмірге кенелтеді, демек, адамдардың көпшілігінің жүзі жарқын болады деп есептейді. Зерттеулер мүның бәрін терістесе ше? Экономикалық өсім мен ас- та-төк өмір адамдарды бақыттырақ ете алмайды десек, капитализмнің керегі не? Кейде тәуелсіз елдің азаматтарынан гөрі алып империялар- дың бодандары өздерін бақытты сезінетіні несі? Алжирліктер тәуел- сіз тудың астында өмір сүргеннен гөрі француздар басқарған кездегі өмірді ұнатса ше? Онда біз отарсыздану үдерісі мен ұлттардың өз жо- лын өзі таңдау құқына қандай баға бере аламыз?