тұтандыратынын болжап отыруға тиіспіз. Х ІХ -Х Х ғасырлардың саяси жылнамасы қанқұйлы соғыстардың, сұмдық геноцидтер мен сұрапыл революциялардың үздіксіз тізбегіндей болып көрінеді. Құдды жап-жа- ңа етігімен шалшықтан-шалшыққа секіріп жүрген балақайдай тарих та қантөгістен-қантөгіске қарғып келеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс, Екінші дүниежүзілік соғыс: қырғиқабақ соғыс; армяндар геноциді - Холокост - Руандадағы қырғын; Робеспьер - Ленин - Гитлер. Көрініс кейпі көп жағынан көкейге қонады, бірақ кесапат атаулы- ның әбден тозып біткен осы бір тізімі кейде шатастырады. Шалшық пен ми батпақты көреміз де, жолдың өзін байқаудан қаламыз. Кейінгі жаңа заман шектен шыққан озбырлық пен зорлық-зомбылықтың ғана емес, сондай-ақ бейбітшілік пен тыныштықтың да куәгері. Француз револю- циясы туралы: «Бұл тамаша уақыт, бұл нашар кезең еді», - деп жазды Чарльз Диккенс, оның осы сөзін, француз революциясына ғана емес, оған түрткі салған заманға да қатысты қолдануға болатын сияқты. Әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 70 жылды осылай ай- туға болады. Осы кезең ішінде адамзат өзін-өзі жойып жіберудің ық- тималдығы түңғыш рет ұшырасты, небір соғыстар мен геноцидтерді бастан өткерді. Дей тұрғанмен, аталған жетпіс жыл адамзаттың арғы- бергі тарихындағы мейлінше бейбіт кезең болып шықты. Бір таңғалар- лығы, кез келген өзге дәуірлермен салыстырғанда, дәл осы жылдарда экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістер өтті. Тарихтың текто- никалық тақталары үрей ұшырар жылдамдықпен қозғалып барады, бі- рақ жанартаулар әзірше мүлгіп тұр. Икемділеу жаңа тәртіптің мәселені қырғын қақтығыстарға жеткізбей-ақ, түбірлі қүрылымдық өзгерістерді алдын ала ескеруге тіпті оған дем беруге шамасы жететін сияқты3.