&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет391/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ
тартып алып, мемлекет пен нарық оған маңызды эмоциялық міндет-
ті қалдырды. Ж аңа заман адамының мемлекет пен нарықтың шама-
сы келмейтін мұң-мұқтажын отбасы әлі де жақыннан қанағаттандыра
алады. Бірақ отбасыға жан-жақтан ықпал ететіндер көп. Нарық адам-
ның романтикалық және сексуалдық өміріне көбірек әсерін тигізеді.
Дәстүрлі түрде құдалықпен туған-туыстар айналысты, ал енді роман-
тикалықжәне сексуалдық ықыласты нарық қалыптастырады, ол содан
соң бәрімізге қажет нәрсенің бәрін ұсынады, әрине, арзан бағаға емес.
Бұрында жастар үйде танысатын, күйеу баланың әкесі қалыңмалды
қалыңдықтың әкесіне беретін. Қазір жастар барлар мен мейрамхана-
ларда табысады да, жас жұбайлар «таныстық шайының» ақысын дая-
шыларға төлейді.
Отбасы мен қауымның мемлекетпен және нарықпен арақатынасы.
Мемлекет отбасындағы, әсіресе әке-шеше мен балалардың ара-
сындағы қарым-қатынасты қырағы қадағалайды. Ата-аналар балала-
рын мемлекеттік мектептерде оқытуға міндетті. Ересектер балала-
рына қамқорлық жасамаса не зорлық-зомбылық көрсетсе, мемлекет
олардың құқықтарын шектейді, тіпті түрмеге қамап, балаларды басқа
отбасының асырауына береді. Қоғамдардың көпшілігінде ата-ананың
абырой-беделіне ешкім күмәнданбады. Ата-ананы құрметтеп, айтқа-
нын бұлжытпай орындау ізгіліктің нышаны саналды, ал ата-аналар не
істесе де: жаңа туған нәрестені өлтіріп тастаса да, балаларын құлдық-
қа сатса да, қыздарын жасы екі есе үлкен егде еркекке ұзатса да ерік-
ті болды. Қазіргі журтшылық - кәсіби психологтар, заң шығарушылар
пікіріне сенсек, балалар ата-анасын тыңдамаса да болады, есесіне
баланың сәтсіздіктері мен теріс қылықтары үшін бәрібір ата-ананы
311




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет