&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


зөкшелер үйі күтіп тұратын



Pdf көрінісі
бет388/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

зөкшелер үйі күтіп тұратын.
Соңғы екі ғасыр бойы бәрі түбегейлі өзгерді. Индустриялық рево­
люция нарықты бұрын естіп-білмеген уәкілеттіліктермен жасандырып,
мемлекетке байланыс және көлік қатынасының жаңа құралдарын,
сондай-ақ қаптаған шенеуніктердің, мұғалімдердің, полицейлер мен
әлеуметтік қызметкерлердің армиясын әкеліп берді. Нарық пен мем-
лекет жаңа мүмкіндіктерін іске қоса бастаған кезде көлденеңнен килі-
гіп, сырттан араласу әрекетіне наразы дәстүрлі отбасы мен қауымдар
түріндегі кедергіге тап келді. Мемлекет заңдары мен нарық мүдделері
тұтасқан қоныстар мен берік отбасылардың күнделікті тірлігіне кірік-
педі. Ата-аналар мен ақсақалдар балалардың мектеп оқығанын, ар-
мияда қызмет еткенін, қаладағы өз тамыр-тегінен айырылып қалған
пролетариаттың қатарын толықтырғанын қаламады.
Бұл кедергіні жою үшін мемлекет пен нарыққа отбасы мен қауымның
дәстүрлі байланыстарын әлсірету қажет болды. Мемлекет қауымдарға
полицейлер жіберіп, қанды кекті доғарды, оны сот үкіміне ауыстырды.
Базарлар да өз делдалдарын жолдап, солар арқылы санғасырлық дәс-
түрлерді қиратуға, оның орнына тотының түгіндей құбылған сән-салта-
натына еліктіруге тырысты. Бірақ бұның өзі жеткіліксіз еді. Отбасы мен
қауымды тізе бүктіру үшін «бесінші колоннаның» көмегі керек еді.
Міне, сол кезге мемлекет пен нарық адамдарға еріксіз еліктірер-
ліктей ұсыныс жасады. «Өз-өздеріңмен дербес тұлға бола берің-
дер», - деп үндеу тастады. «Ата-аналарыңнан рұқсат сұрамай-ақ, қа-
лаған жанға үйленіңдер. Мейлі, қауым ақсақалдары күңкілдей берсін,
өздеріңе ұнаған шаруаны істеңдер. Тіпті апта сайынғы отбасылықтүскі
асқа жете алмайтындай алысқа кетсең де, қалаған жерге қоныстана
беріңдер. Енді отбасы мен қауымға кіріптар емессің. Біз, мемлекет пен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет